Кәсіподақ төрағасы мекеме басшыларымен кездесті

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Сатыбалды Даулеталин бастаған топ 9-10 наурызда жұмыс сапарымен Атырау облысына табан тіреді. Салалық кәсіподақ төрағаларымен кездесіп, мекемелерді аралады. 10 наурызда мәдениет пен спорт мекемелері басшыларымен кездесіп, саладағы қордаланған өзекті мәселелерді тыңдады. Облыстық денешынықтыру және спорт басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуова саладағы бірқатар мәселерді баяндады. Өңірге қарасты Қызылқоға, Махамбет, Исатай, Мақат, Индер аудандарының спорт бөлімдері мәдениет және білім бөлімдерімен біріктірілген. Бұндай қадамдар нәтижесі спортқа жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбей қалу қауіпін туғызуда.

«ЕМБІМҰНАЙГАЗ» АҚ-НЫҢ ҰЖЫМДЫҚ ШАРТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ ТИІМДІ ДАМУЫНЫҢ КӨРІНІСІ

Атырау облысына сапары барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин және Атырау облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы, мәслихат депутаты Ізтұрған Баймұханов «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының жеті мұнай кен орнының бірі – Салтанат Балғымбаев кен орнына барды. Онда өндірістік толық цикл үдерісі, әлеуметтік әріптестіктің дамуы, ұжымдық шарттың орындалуы барысымен танысып, жұмыс беруші және кәсіпорын жұмыскерілермен сөйлесті.