Дәулеталин Атырауда: Жұмысберуші мен кәсіподақ – қарсыластар емес әлеуметтік әріптестер
9-10 наурызда ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Атырау облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында ҚР КФ басшысы бірқатар әлеуметтік әріптестермен кездесу өткізді. Талқыланған басты тақырыптар – жалақы берешегі, оны көтеру мәселесін шешу, еңбек дауларының алдын алу және өңірдегі әлеуметтік әріптестік жүйесін ары қарай дамыту.
ҚР КФ төрағасы сапарының алғашқы күні әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның жұмысшы тобының отырысына қатысты. Отырысқа облыс әкімдігі мен жұмыс беруші 12 кәсіпорынның өкілдері қатысты. Кәсіпорындардың басым бөлігі еңбек даулары қатері картасына енгізілген.