Тығыздықтың маңызы
Маңызды ғимараттар бір-біріне жақын, тығыз орналасса, адамдар жаяу жүруге болар еді. Атырауды Манхэттонның деңгейіне дейін тығыздасақ барлығымыз Жилгородокқа сиып кететін едік. Анда мында шауып жүріп, қаншама көліктің бензинін жағып тастаймыз. Жаяу немесе велосипедпен жүрсеңіз көліктер бөлетін қаншама улы газдардан құтылар едік. Көбі такси, күзетші болып жұмыс жасайды. Оның зиянын айтпай-ақ қояйын. Тұрғындарға қозғалыс жетіспейді. Тығыз қалада қалаған жеріңе тез, жаяу жүріп жетуге болады.