Қазақ зиялылары Тоқаевқа ашық хат жолдап, орыс тілін ресми мәртебесінен айыруды сұрады.
«Қазақ үні» газеті қазақ тілінің қоғамдағы рөлін кеңейту мақсатында президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдап, қол жинап жатыр. Хатқа қоғам зиялыларын қосқанда 700-ден астам адам қол қойған.
Олар Конституциядағы 7-баптың орыс тіліне байланысты 2-ші тармағы алынып тасталуын, мемлекеттік тілді міндеттейтін Мемлекеттік тіл туралы заң қабылданғанын талап етуде.
Сондай-ақ, хатқа Әбдіжәміл Нұрпейісов, Дулат Исабеков, Асанәлі Әшімов, Қабдеш Жұмәділов, Өмірзақ Айтбаев, Мекемтас Мырзахметов, Төрегелді Шарманов, Камал Ормантаев, Нұрғали Нүсіпжанов, Төлен Әбдік, Амангелді Айталы, Смағұл Елубай, Сәбит Досанов, Ғаббас Қабышев, Ұлықбек Есдәулеттер бастаған 115 ұлт зиялысы қол қойған. Қазір qol.kz арқылы қол қоюшылар саны 100 мыңнан асқан.