Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 1 миллион 779 мың қазақстандыққа төтенше жағдайға байланысты 42 500 теңге берілгенін айтты.

Министрдің айтуынша, төлемді алуға 4 миллион 900 мың өтініш келіп түскен.

«Бүгінде Қазақстанда 3 миллион 703 мың адам 42 500 теңге алуға өтініш берді, 1,2 миллион өтініш қайталанып келнен. 1 миллион 779 мың адамға мемлекеттік көмек көрсетілді. Бұл үшін Ұлттық қордан 75 миллиард теңгеден аса ақша бөлінді», — деді министр брифингте.