Синоптиктер 14-16 сәуір күндері ауа райы қандай болатынын айтты.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, ауа температурасы 26 градусқа дейін жоғарылайды.

«Қара теңізден келетін антициклон Қазақстан аумағына кіріп, елде бұлтсыз ауа райы сақталады. Кейбір облыстарда түнгі уақытта ауа температурасы төмендеп, күндіз +15-26 градусқа дейін жоғарылайды. Кейбір аумақтарда тұман түсіп, жел күшейеді», — деді синоптиктер.