Қылмыс  хроникалары

Атырау облысында  жүргізілген алдын алу шараларына қарамастан денсау-лыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, тонау, алаяқтық сынды қылмыстар санының өсуі байқалады. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Аян Дуйсембаев 2018 жылғы атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы халық алдында есеп беру  жиынында айтты.

Статистикаға сәйкес, 14 қарақшылық  және 128 тонау қылмыстары тұрақты жұмысы жоқ тұлғалармен жасалған. 2018 жылы адам өлтіру 7,4 пайызға (25-27) азайған.

-Былтырғы жылы орын алған  аса ауыр қылмыстардың барлығы ашылды. Бұл бағытта біз республика бойынша полиция жүйесінде көш бастап тұрмыз, — деді облыстың бас полицейі. Атырау облысында 2018 жылы тіркелген қылмыстардың саны 19,5 пайызға азайған, ал, зорлау, қорқытып алу, автокөлікті заңсыз айдап кету қылмыстарының ашылуы 100 пайызды құрап отыр.

Заңсыз келген  келімсектер зарлатып  отыр

Қала бейіттерінің бірінен мүрдесі табылған әйел адам Өзбекстан Республикасының азаматшасы», — деді облыстың бас полицейі. Әйел адамның өліміне қатысты күдікті ұсталды. Өзге ақпарат тергеу құпиялылығына байланысты жарияланбайды», — деп хабарлады Аян Дүйсембаев.

«Жұлдыз ықшам ауданына жүргі-зілген жедел алдын алу шарасы кезінде Өзбекстанның заңсыз келген 10 азаматы анықталды. Бұл аудандағы жұмыстарымызды ары қарай жалғастыратын боламыз»- деп атап өтті департамент бастығы.        

Түнгі  клубтар  қылмыстың  ұясы

Халыққа есеп беруі кезінде облыстық полиция департаментінің бастығы қаладағы көңіл көтеретін орындардың жұмыс жасау уақытына қатысты пікір білдірді.

2017 жылы департамент тарапынан жергілікті атқарушы органға көңіл көтеретін орындардың жұмысын түнгі 2-ге дейін шектеу туралы ұсыныс берілген. Алайда, бұл мәселе әлі күнге шешімін таппаған. Саралау жұмыстарына сүйенсек, 2017 жылғы тіркелген 27 адам өлтіру қылмысының 22-сі көңіл көтеретін жерлерде орын алған.Сондықтан, бұл жағдай аталған ұсыныстың аса маңызды екенін көрсетіп отыр», — деді облыстың бас полицейі.

  Шетелдіктерді 

шеттетпей…

2018 жылы облысқа 86 мыңнан тастам шетел азаматтары келген. Оның 69 мыңнан астамы – көршілес елден келген еңбекші көшіп келушілер.

-Былтырғы жылы еңбекші көшіп келуші-лердің тіркелуі есебінен облыс бюджеті 929 млн. 378 мың теңгеге толыққан,-деп атап көрсетті Аян Дүйсембаев өз баяндамасында.

Пәтер тонау көбейіп тұр

Департамент бастығының халыққа есеп беру жиыны кезінде жеке үйлерді тонаушы қылмыскерлердің жазадан сытылып кететіні туралы мәселе көтерілді.

Жиынға келген ақсақал-дардың бірі:

— Полицейлер қылмыскерді ұстағандай болады, алайда олар тағы да жазадан босап кетеді. Сіздердің күштеріңіз жетпейді ме сонда? — деп сұрақ қойды. Қала тұрғынының бұл сұрағына жауап бере отырып, Аян Дүйсембаев 2019 жылғы 2 ақпандағы   Қылмыстық кодексті қайта то-лықтыруға сәйкес, қайталап жасалған орта дәрежелі ұрлық қылмыстары ауыр қылмыс санатына ауысатынын хабарлады.

— Енді айыппұл өтеу санкциясы алынып тасталды.  Бұл бір тұлғамен жасалатын қылмыс санын қысқартатын болады, — деп жауап берді  облыс бас полицейі.

Жалпы, 2018 жылы полициямен 16 қылмыстық топ құрықталып, олардың жасаған ұрлықтарының 64 эпизоды ашылды. Саралау кезінде қалада пәтер ұрлығы көш бастап тұр, содан кейін сауда   нүктелерінде орын алатын ұрлық қылмыстары. Былтыр қоғамдық көліктер-де 333 қалта ұрлығы тіркелген.

                                                                      Тимур  САЛАМАТОВ,

Атырау облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *