Қытай билігі толық бақылауда ұстап отырмыз деген инфекцияның жаңа типі – 2019-nCoV вирус әлемде таралып, өлім-жітім санын күн санап өсуде. Ресми Сеул мемлекетте қауіптің «қызыл деңгейін» жарияласа, тәжвирусының Еуропадағы ең үлкен ошағы Италия 11 қаласын карантиге жапты.

Коронавирус – вирустардың үлкен тұқымдасы, ол жануарлар арасында, оның ішінде түйе, мүйізді ірі қара мал, мысық пен жарқанаттарда кең таралған. Бірақ ауру жұқтырған адамдардың көпшілігі жануарлармен байланыс болмағанын айтады. Яғни, тұмаудың жұғу жолы тәрізді ауа арқылы адамнан адамға берілуі мүмкін.

Оның белгілері: дене қызуының көтерілуі, тұмау, бас ауруы, жөтел, тамақ ауруы, әлсіздік, іш өту, қалтырау, ентікпе.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 2 сағаттың ішінде нәтиже беретін жаңа тест жүйелері қолданысқа енді. Ол үшін: қан анализін, несеп анализін, лабаратория зерттеулерін, ПТР-ды(полимераз тізбек реакциясы) тапсыру керек.

Дүниені дүр сілкіндірген корнонавирустың жаңа түрі Қытайда тұрақталып, бақылауға алынғандай болғанымен, әлемдегі бірқатар елдерде жаңа қарқынмен өршіп келеді. Өткен айдағы есеп бойынша ҚХР-да 77 мыңнан аса адам вирус жұқтырып, 2600 адам көз жұмған. Әлемнің басқа да отыз шақты елінде тарлып үлгерген тәжвирусынан 20-дан астам адам мерт болған. Кейбір елдер аурулар мен өлімге ұшығандардың нақты санын жасырып қалуы да әбден мүмкін. Сарапшылар «вирустың өзіне қарағанда, вирус жайында ғаламторда таралып жатқан фейк ақпараттар қауіптірек» дейді. Жалған ақпарат тарту фактілері біздің елімізде де тіркелді.

2019-nCoV вирусы ғылымға өткен жылдың аяғында ғана белгілі болды. Қытайдың Ухань қаласындағы жабайы жануарлар мен жәндіктер сататын бір базарынан бастау алған еді. Ос ыжылдың басында эпидемияның алғашқы белгілері анықталып, 30 қаңтарда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдай жариялады. Ақпанның аяғында Иран, Оңтүстік Корея, Италия сынды елдерде тәжвирусына шалдыққандардың саны күрт артқандығы белгілі болды.

Қазіргі кезде қайтыс болғандардың көбісінің иммундық жүйесі зақымданғандар немесе егде тартқан адамдар екені ескерілмей жүр. Вирус жұқтырғандардың 80%-ы сырқаттың жеңіл түріне шалдыққандар және олар тез сауығып жатыр. ДДСҰ тәжвирусының қара құрлықтағы әлеуметтік және экономикалық әлжуаз елдерге жетуінен қоқып отыр.

Италия коронавирустың Еуропадағы ошағына айналды. Бұнда 160-қа жуық адам вирус жұқтырып, үшеуі қаза болған. Әлеуметтік желілерде босап қалған дүкен сөрелерінің видеосы тарап кетті. Венециядағы дәстүрлі карнавал даөткізілмейтін болды. Ал билік өкілдері болса туристерден келетін пайдадан айырылғысы келмей, елдегі жағдайдың қатаң бақылауда екенін айтып, туристердің еш алаңсыз келе берулеріне болатынын хабарлауда. Италияның солтүстігіндегі 11 кіші қалашығы карантингежабылып,  онда арнайы рұқсатсыз кіріп-шығу мүмкін болмай қалды. Сонымен қатар, бұл аймақтарда мектеп пен университет сабақтары тоқтатылып, шіркеу мен музей және әртүрлі мерекелерге баруға тыйым салынды. Джиорджио Арманидің сән көрсетіліміне бірде бір адам қатыспай, тек қана тікелей эфир арқылы қарады. Миландық «Ла Скала» театры да жұмыс жасауын уақытша доғара тұруды құп көрді. Олар фейсбуктегі парақшасында бұл көрермендердің жағдайы мен денсаулығына аландаушылықтанытқандықтан жасалып отырған шаралар екендігін хабарлады. Еуроодақ Италия билігіне сенім артқанымен, кейін Австрия мен Италия арасында пойыз тоқтатылғаны туралы хабар тарады.

Бүгінде Оңтүстік Кореяда қауіптің «қызыл деңгейі» жарияланды. Бұған себеп– ол елдегі тәжвирусын жұқтырғандар санының 600-ден асып кетуі. Вирустан алты адамның көз жұмғаны жарияланды. Оның тез таралуына Тэгу қаласында орналасқан діни сектаның әсері болған. Тексерістен өтуден жалтарғаназаматша шіркеудегі салт-жоралғыға қатысып, айналасындағыларға жұқтырған. Жоралғы кезінде олар бір-бірімен құшақтасады екен.

Ал Иран Ислам Республикасының денсаулық сақтау министрлігі ресми дерегінде,95 адам вирус жұқтырып, оның 16-сы көз жұмғанын жариялады. Әйткенмен,Ирандағы жағдай көпшілікке түсініксіздеу әрі сенімсіздеу болып көрінеді. Өйткені авторитарлы мемлекетке тән қасиетпен шынайы ақпараттың жасырылып қалуы әбден мүмкін. Жергілікті БАҚ та биліктің ақиқатты жасыратындығын айтып айыптауда. Олардың сөзінше, Құм қаласында 50 адам дәл осы вирустан вирустан қаза болған екен.

Бұл дау тудырар сөздерге қарамастан, ИИР президенті Хасан Роухани халықын сабырға шақырып, «коронавирустың тұмаудан асқан қиындығы жоқ» деп мәлімдеді. Бұл жағдайлар Иран билігі үшін біраз қолайсыздықтар алып келді. Ирандағы 21 ақпанда өткен парламент сайлауына халықтың небәрі 42,57%-ы ғана қатысқан. Бқлай болуының бірінші себебі жұртшылықтың билікке сенімінің аздығы болса, екінші себебі – осы вирус еді. АҚШ пенЕуропа елдері Иранды санкция қыспағына алғалы бері ол ел Қытай және Ресеймен тығыз араласуға мүдделі болды. Тіпті жақын қарым-қатынас орнатып бастаған да еді. Иран елі тауардың көпшілігін ҚХР-нан тасмалдайтындықтан, бұл жағдайға таңданудың да қажеті жоқ. 24 ақпан күні Оман, Ирак, Кувейт,Бахрейн алғашқы вирус жұқтырғандар жайлы хабарлама жасады. Олардың барлығы Ираннан қайтыпкелген азаматтар болатын.

Қазақстан билігі6 қаңтардан бастап тәжвирустан қорғаныс шараларына кірісті. Көрсетілген мезгілден бері 25 ақпанға дейін Қытайда жүрген 32 мың адам келген екен. Олардың 138-і дәрігерлер бақылауында. 5 ақпандағы мәжіліс отырысы нәтижесінде вирустың жаңа түрімен күресу үшін 2 миллиард теңге бөлінеді деп шешілді. Бұл кезеңде Қазақстанда әлеуметтік желілерде түрлі хабарлар тарап жатты. Мысалы,29 қаңтарда Қапшағай ауруханаларының біріне вирус жұқтырған адам жеткізілді деп хабарланды, бірақ кейін анықталғандай, бұл жалған болып шықты. 19 ақпан күні Зайсанда шу шығып, халық көшеге шығуға дейін барды. Оған себеп – мессенджерде коронавируспен ауыратын қытайлық азаматтаржергілікті ауруханадаемделеді деген сыбыстың таралуы. Халық үнін естіген ШҚО әкімі Даниал Ахметов халықты сабырға шақырып, ешқандай шетел азаматы елге кіргізілмейтінін айтты. ДегенменЗайсан қаласына жақын жерде төрт Қытай азаматы карантинде жатқаны анықталды.

Жапонияның Diamond Princess лайнері ақпанның 5-нен 19-на дейін карантинде болды. Ол жерде 690 адамныңтәжвирусын жұқтырғаны анықталған. Ішінде қазақстандық екі әйел, екі бала бар еді. 23 ақпанда Токиодан Нұр-Сұлтанға SCAT әуе компаниясының ұшағы қонды. Бортта болған 20 адамның төртеуі жаңағы лайнерде болған қазақстандықтар. Олар елге келе салысымен 14 күнге карантинге жатқызылды. Бір қызығы, басқалар лайнерден шыққан адамдармен бірге ұшып келе жатқанын білмеген. Бұл мәселеге байланысты барлығы шұғыл болып, уақыт тығыздығымен байланыстырған министр Е.Біртанов ұшақ жолаушышарынан кешірім сұрады.

Тәжвирусы туралы ресми ақпарат дайындалып жатқанда вирустың өзінен ол жайында өсек-аяң екі есе көп тарап жатты. Шынында, індетке қарағанда халық дүрбелеңі қауіптірек болып тұр.

Бұл індеттің адам шығынынан бөлек, экономика, халықаралық байланыстар, сауда сияқты маңызды салаларға да тигізерзалалыкөп. Бұныңлебінбүкіл әлем жұртшылығы сезінгенімен, Қытай еліне әсері ерешеболайын деп тұр. Мысалы, Жапония жазғы олимпиада ойындарын жылдың соңына қалдырғандығының кесірінен,20 миллион долларға дейін шығын келетіні есептелінген.Ал Қытай өнеркөсібінің орталығы саналатын Ухань қаласымен байланысты үзіп тастау үлкен экономикалық соққы болары сөзсіз.

Коронавирустың емі әлі күнге табылған жоқ. Алайдақайғылы жайттар саны уақытша тұмау санынан асқан жоқ. Бұл вируспен күрестің қиын болып отырған жері – адам ауруға шалдыққанын бірден біле алмаймыз. Симптомдары бірнеше күн өткен соң да шығуы мүмкін. Сол себепті карантин 14тәуләкті құрайды. Бірақ Қытайда Ухань қаласын карантинге жапқанға дейін 5 миллионға жуық адам шетелге шығып кеткен. Бұл мыңдаған вирус тасымалдаушыарамызда емін-еркін жүруі бек мүмкін дегенді білдіреді.

Сержан Ізберген