Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Жаңаөзен қалалық қазынашылық басқармасы есепті мерзім ішінде мемлекеттік мекемелерге республикалық бюджетті атқару және жергілікті бюджетке кассалық қызмет көрсетудің сапалы және мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарды.

Атап айтқанда, басқарма бойынша 64 мемлекеттік мекемеге, оның ішінде: 1 – кірістер басқармасына, 3 – республикалық бюджеттен, 40 – облыстық бюджеттен, 16 – қалалық бюджеттен, 4 – ауыл бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетілді.

Басқармада кассалық қызмет көрсетілетін барлық мемлекеттік мекеме «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс істеуде.

Бюджеттік заңнамаларға, бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесіне, «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесін пайдалану басшылықтарына және басқа да ақпараттық негіздегі материалдарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік мекемелерге дер кезінде жеткізілді. Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кәсіби кеңестер беріліп тұрды.

Сонымен қатар, басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын сақтауы туралы жоспардан тыс техникалық оқулар өткізілді.

Ал 26 қыркүйекте ZOOM жүйесі арқылы департамент басшысы М.Бухарбаевтың төрағалығымен жиналыс өткізілді.

Өз кезегінде 6 қазанда «1 қазан – Қарттар күніне» орай қазынашылық саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен Набат Ермекованың үйіне барып, мерекемен құттықтап, құрмет көрсетілді.

24 қазан күні Жаңаөзен қалалық Қазынашылық басқармасының ұсынысымен, Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 29 тамыздағы №19/156 шешімі бойынша еңбек ардагері Сания Тайшыбаевна Омароваға «Жаңаөзен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. 

                                                       Г.С.Ұзақбаева,

                                                       Жаңаөзен қалалық қазынашылық

                                                      басқармасы басшысының орынбасары