Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Әлихан Тәліпбаев өзге планеталарды игеруге арналған құрылысшы-роботтың моделін жасап шығарды. Жоба еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» тақырыбында өткен ІХ Наурыз кездесулерінде үздік атанды.
Дарынды өреннің «Smart colonization» атты жобасының мақсаты – ғарышкер қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ғарыштық колониялар құрылысын жүргізу. Жас ғалымның пайымдауынша, барлығы автоматтандырылған жүйеде жүзеге асырылады. Айта кеткен жөн, «Smart colonization» жобасымен Ә.Тәліпбаев Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің 100 пайыздық оқу грантына ие болды.
Ернар АҚҚАЛИ.