Кейде қазастандықтар eGov.kz порталындағы жеке кабинетінде туу, некені тіркеу/бұзу, тегін өзгерту, қайтыс болуы туралы немесе өзге де куәліктерінде сәйкессіздік кездестіріп жатады.

Мұндай қателіктер құжаттарды цифрландыру кезінде орын алуы мүмкін.

Мәліметтеріңізді түзету қажет болса eGov.kz электронды порталында «АХАТ АЖ мәліметтерін өзектендіру» сервисін таңдап, дұрыс нұсқадағы құжаттардың сканерленген көшірмелерін жүктесеңіз жеткілікті.

Қажетті файлдарды тіркегеннен кейін ЭЦҚ немесе бір реттік парольмен қол қою қажет.

Жауабы сіздің жеке кабинетіңізге 1 жұмыс күні ішінде жіберіледі.