Қазақстан Республикасы Президенті
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлына
ҚазақстанРеспубликасы
ПарламентініңСенатдепутаты
Дүйсембаев Гумар Ислямұлына
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжіліс депутаттары:
Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлына
Нақпаев Сәлімжан Жұмашұлына
Ерубаев Серік Сарсенұлына
ПІКІР
«Сусыз өмір жоқ»
Атырауға Каспий теңізінің ащы суынан ауыз су дайындайтын комбинат салу керек. Жайық өзенінің төменгі жағынан Жайық өзенін суға толтырып, одан кейін денгейін реттеп тұратын, ашылмалы-жабылмалы, мүмкіндігінше балық өсіуне зиянсыз бөгет (ШЛЮЗ) құрылысын салу керек. Ол үшін Ресей Жайық өзеніне суды беруді мүлдем тоқтатып тастамау керек немесе Ресей Ақтобе облысындағы «Көкжиде» жер асты суын алып отырған судың орнына су беріп отыру керек.
Жоғарыда аталған жұмыстарды орындауға Атырау облысының бюджетінің орындалуы толық мүмкіншілік береді. Тек 2020 жылғы орындалған бюджет 213,7 миллиард теңге. Ал, осы бюджеттен Атырау облысына берілетін трансферт көлемі — 56,9 миллиард теңге ғана.
Атырау газетінің 19 наурыз 2021 жылғы санында «Ауыз су тапшылығынан арыламыз ба?» атты мақала жариаланды. Бұл мақалада Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты Ғұмар Дүйсембаевтың осы проблеманы бүге-шүгесіне дейн зерттеп, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдағаны туралы жазылған.
Зерттегендемәлімдегені: Ресейден басталған Жайық өзенінің суының азайғандығы. Орынбор қаласы тұсында Ресей өкіметі Жайық өзеніне бөгет салуды жоспарлап отырғаны. Атырау облысында мол тұщы су көзі бар Қызылқоға ауданындағы Тайсойған әскери сынақ алаңының бір бөлігін полигон иелігінен шығару жөнініде Ресей Федерациясымен келіссөз жүргізу қажеттігі. Ақтөбе өңірінен басталатын Ойыл, Сағыз және Жем өзендерінің Атырау облысы аймағында су ағынының мүлдем болмайтынын, жер асты су көзінің азайғанын айтады. «Астрахань-Маңғышылақ» магистральнің су құбырының пайдалану мерзімімен, тұтұтынушылардың ұлғайуына байланысты қайта жаңғыртып кеңейтуге 376,6 милллиард теңге қажет екенін айтады. Осы да зерттеген бола ма? Қазір Каспий теңізі ойтаңындағы Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысында адам түгіл малға ішетін судың жоқтығы жан айқай болып жатқанын ақпарат құралдары жазып жатыр. Өзімізде көріп жүрміз.
Кезінде, 1980 жылдары Каспий теңізі асты мұнайына, газіне қызығушылықтың қажеті жоқ, оларды Каспий теңізі асты жер қойнауынан шығарғанда қатері және зияны зор болуы мүмкін деп талай қоғамдық тыңдауларда айтқанмын. Бірақ оны тыңдап жатқан ешкім жоқ. Өздері біледі, өздері шешеді. Олар өмірде мезгілше тұратынын біледі. Сондықтан ойларына келгенін істеп қалу керек.
Статистика мәліметі бойынша 1990 жылдан 2020 жылға дейін Каспий теңізі және оның ойтаңындағы жер қойнауынан 651,4 миллион тонна мұнай, 288,6 миллиард текше метр газ алынды. Атырау жерінде Каспий теңізі мұнайына ілеспе газын өңдеу зауыты салынуда. Әлі төртеуі салыну керек. Сонда жер қойнауына мұнайдың орнына бұрынғыша су айдамай не айдайды.
Қазір Каспий теңізін көтеріп тұрған мұнай орналасқан жер қойнауының қысымы шамамен 800-900 атмосфера. Жер қойнауын пайдаланушылар (мұнай өндірушілер) Каспий теңізін көтеріп тұрған жер қойнауы табиғи қысымын азайтпау үшін жер қойнауынан алынып жатқан мұнаймен ілесіп келген, құрамында көп көлемді күкірт сутегі бар газды жер қойнауына қайтадан айдап жатырғанын айтады. Әрине оның көлемі алынып жатқан мұнайдан аз болғандықтан, алынған мұнайдың орнын толтыра алмайды. Тіпті газдың салмағы мұнайдан жеңіл болғандықтан, онымен бірге қайтып келеді.Каспийді көтеріп тұрған, Каспий теңізі астындағы жер қойнауындағы табиғи қысымды азайтпау үшін жер қойнауына жер қойнауын пайдаланушылар (мұнай өндірушілер) Каспийдің, Каспийге құйылған Жайықтың, Каспийге құйылған Атырау, Батыс Қазақстан, Манғыстау облыстары жер асты суларын үзбестен Каспий асты жер қойнауына айдап жатыр (болжам). Соның салдарынан болар, 2000-шы жылдан бері Каспий теңізінің көлемі 2 метрге дейін төмендеп кетті. Алынған мұнай мен газдың орнына қанша су айдалсада, жер қойнауынан алынған мұнай мен газдың орнын толтыра алмайды. Себебі, Каспий астындағы жер қойнауы қысымы өте ұлкен. Сондықтан, жер қойнауындағы Каспийді көтеріп тұрған қысым (давление) азая береді. Депутат Ғұмар Дүйсембаев ұсынған Атырау облысы Жылой ауданындағы Бәли және Жаңасу кен орнындағы, Тайсойғандағы Ресей билігіндегі тұщы суды тиімді пайдаланамыз деп жүргенде, ол сулар жер асты жолдарымен Каспий теңізіне құйылып жер қойнауына айдалып кететін болар.
Менің айтарым2000 жылдан 2020 жылға дейін Каспий теңізінің суының деңгейінің 2 метрге дейін төмендеп кетуі Каспийдегі су қорының Каспий теңізі жер қойнауына айдалуында немесе Каспийді көтеріп тұрған жер қойнауының қысымы мұнайды мол көлемде үздіксіз шығарылғандықтан азаюы мүмкүн. Бұл жағдай Каспий теңізінің түбі зақымдалып, жарылып, тесіліп, тіпті Каспий асты жер қойнауына түсіп кетіп Каспий теңізі апатқа ұшырауы мүмкін. Ондай жағдайдың болмасына кепіл жоқ.
Кепіл жоқтығын 1985-1986 жылдары табиғат – АЛЛА ескерту жасады. Атырау облысы Каспий теңізі жағалауында (Тенгизде) №37 ұңғымасынан (скважинадан) Жер планетасының қыртысының үстіңгі қабатын (топырақ-тұнба қабаты 0-20 км), жарып жер қойнауынан газ атқанда шыққан жалынның 90 метрге көтеріліп өршелене жанған өртті сөндіруге дүние жүзінде ешбір елдің мүмкіншілігі болмай тұрғанда Америкалық мамандар әдейі құрылым жасақтап 390 күн өткенде өртті сөндірді. Бұл апат сол жылдары, одан да кейін Атырау, Маңғыстау облыстарының қоршаған ортасына зор зиян келтірді. Кенеттен адам өлімдері көбейді.
Солтүстік Каспий консорсомы (дүниежүзілік және қазақстандық компаниялар) күні бүгінге дейін Каспийге сақтандыру полисін (500 миллиард доллардан кем емес) жасақтаған жоқ. Тек Каспий теңізіне сақтандыру полисінің жасақталуы Каспий теңізі байлықтарын игерушілердің моральдық және қаржылық жауапкершіліктерін күшейтеді (ал мен жеке меншігімдегі автомобилімді бір күн сақтандыру полисінсіз жүргізсем полиция машинамды қамауға қояды). Сақтандыру полисінің жасақталмауы Солтүстік Каспий консорсиуымының қызметінің Каспий теңізінің және Каспий теңізі жағалауында тұратын жиырма миллиондай адамдарға қаупін туғызады Бір компаниялар келді, бір компаниялар кетті, бірақ олар Каспийдің биоресурстарына айтарлықтай залал келтіргені үшін ешбір жауапкершілікке тартылған жоқ. ( Каспий туралы материалды менің «Гибели Каспия и Урала способствует те, кто их объязан сохранить «Гибель Каспия и Урала происходит у всех на глазах» мақалаларымнан танысуға болады. Тіркелді).
Жақында «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының Каспий теңізіндегі «Қаламқас-теңіз» және Хазар жобаларын игеру туралы келіссөз өткізуден British Petroleum мұнай корпорациясы бас тартқаны белгілі болды. Сонымен қатар HCOC консорциумы Қаламқас-Теңіз кенішін игеруден бас тартты (оған «Shell» акционерлердің бірі ретінде кіреді). Себебі консорциум «жобаның экономикасы қиын» болуына байланысты игеруді тоқтату туралы шешім қабылдады.
NCOC басқарушы директоры Ричард ХОУВ Penrocouncil.kz-ке берген сұхбатында Каспийдің солтүстік-шығыс бөлігінің деңгейі төмендеп бара жатқандықтан теңіз логистикасында іркілістер жиі кездесіп отырғанын мәлімдеді. «Егер біз бұл проблеманы шеше алмасақ, онда өндірісті жабамыз»- деді.
Бірақ Ричард ХОУВ басқа мемлекеттік органдар сияқты Каспийдің солтүстік-шығыс бөлігінің деңгейінің неге төмендеп бара жатқанын айтпайды. Мәселе сонда болып тұр ғой. Каспий теңізінің және Каспий теңізі ойтаңындағы суларды Каспий теңізі астындағы жер қойнауының қысымын азайтпау үшін суды айдау қазақстан халқына құны жетпес зиян екенін түсініп тұрған сияқты. Сол себепті болар NCOC басшысы Ричард ХОУВ: «Әзірге біз осы Каспий проблемасына ұзақ мерзімді жауап дайындап жатырмыз» деп жұмбақ жауап береді. Каспийде жиі жер сілкінісі болып тұратыны жиі айтылып жүр. Мүмкін бұл компанияда Каспийден мұнай өндіруді тоқтату туралы ойланып жүрген болар. Сондықтан Атырау жеріне салынатын төрт газ өңдеу зауыттың қаржысын бірінші кезекте Каспийдің ащы суынан ауыз су дайындайтын комбинат салуға, Жайықтан шлюз салуға, Россия Астрахань-Маңғышылақ су құбыры магистралын қайта жаңғыртып кеңейтуге (бұл су құбыры арқылы Россия су бермей қалса да, облысаралық су құбыры болып қала береді) пайдалану керек.
Жоғарыда көрсетілген деректер табиғат пайдаланушылардың (мұнай серіктестері) Қазақстанның басқа жерінде мұнай құрып қалғандай (сапалы геологиялық барлау жасаса Қазақстанда мұнайлы жер қойнауы баршылық) табиғаттың жаратылысымен өз-өзінен көп көлемде өсіп, өніп, өріп халықтың және мемлекеттің құнды тамағы және дәмді ырысы балыққа және жүздеген каспий теңізінің тірі биоресурстарына қиянат жасап құртылу сатысына жеткізулері жоғарыдағы биліктегілердің экономикалық, экологиялық сана сезімдерінің асырасілтеушілік екенін өмір көрсетіп отыр.
Жоғарыда айтылған жағдайдың зоры Каспий теңізінің аумағында болмайтынына ешкім кепіл берген жоқ. Бұндай жағдай Каспий теңізін үлкен апатқа ұшыратып Жер планетасы құрылымына залалын тигізуі мүмкін.
Алдағы уақыттарда адамзат күн, жел, тағы басқа табиғат күштерін пайдаланып, мұнайға сұраныс азайуы мүмкін. Ал қазір биліктегілер жер беті, жер асты суларын жер қойнауынан мұнай, газ алу үшін пайдаланып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Солай екенін өмір көрсетіп жатыр.
Сондықтан Каспий теңізі қойнауынан мұнай, газ алуды тоқтату мәселесін қарастыру керек. Мұнайсыз, газсыз тіршілік өмір сүре алады, ал сусыз өмір жоқ. Сондықтан Каспий суын тұзынан тазартып ауыз суға пайдалану керек. Ол үшін бірінші ретте Атырау облысында Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінің ащы суынан ауыз су дайындайтын комбинат салу арқылы Атырау облысының ауыз суға сұранысын шешу керек.
Сонымен қатар,Жайық өзенінің төменгі жағынан Жайық өзенін суға толтырып, одан кейін денгейін реттеп тұратын, ашылмалы-жабылмалы, мүмкіндігінше балық өсіуне зиянсыз бөгет (ШЛЮЗ) құрылысын салу керек.
Ол үшін Ресей Жайық өзеніне суды беруді мүлдем тоқтатып тастамау керек, немесе Ресей Ақтобе облысындағы «Көкжиде» жер асты суын алып отырған судың орнына су беріп отыру керек.
Қали Аубекеров, «БатысЭкоқорғау»
қоғамдық бірлестігінің төрағасы