«Азаматтарға арналған үкіметтің» ішкі бағалау жүйесінің биылғы қорытындысы бойынша Ақтөбе облыстық филиалының фронт-офистері жұмыс сапасы жағынан алдыңғы қатарда келеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде мемлекеттік корпорацияның жыл көлемінде атқарған жұмыстары мен мемлекеттік қызметтерді оңтайландырудағы жаңашылдықтары бойынша өткізілген брифингте филиал директорының орынбасары Ізбасар Орынбасаров баяндады.


         «ХҚО арқылы биылғы 1 айда 116 118, ал жалпы 2020 жылы 730 425 қызмет көрсетілді. Мемлекеттік Реестр тізіміндегі 698 мемлекеттік қызметтің 96,5 пайызы мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі, сондай-ақ 85,5 пайызын электрондық форматта алуға болады. Оның үстіне ХҚО бармай-ақ, қолыңыздағы смартфонға Telegram-Bot, Egov mobile мобильді қосымшаларын жүктеп алып, 58 мемлекеттік қызмет пен сервисті онлайн түрде алуға болады.Ол үшін тек мобильді азаматтар базасына тіркелсеңіз немесе ЭЦҚ-ңыз болса жеткілікті», — дейді фронт-офистерді үйлестіру басқармасының басшысы Аслан Уразов.

         Бұл орайда, мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, автоматтандыру, проактивті және композитті форматқа өткізу, азаматтардың цифрлық дағдыларын арттыру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

         «Биылғы жаңалық — әлеуметтік сала бойынша мемлекеттік қызметтер — асыраушысынан, еңбекке қабілеттіліктен, жұмысынан айырылу және мүгедектігі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау, бала туу мен бір жасқа дейінгі бала күтіміне және «Алтын алқа», «Күміс алқа» марапатын алған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға қатысты қызметтер проактивті түрде көрсетіліп жатыр. Бұл тұрғыда, сандарды сөйлетсек, биыл 1 ай ішінде 928 проактивті қызмет көрсетілген, ал былтыр 7727 адам осы тәсілмен қызметке қол жеткізді»,- деді филиал директорының орынбасары Ізбасар Орынбасаров.

         Сонымен қатар өткен жылдармен салыстырсақ, ақтөбеліктер көлік құралдарын онлайн форматта тіркеу және жүргізуші куәліктерін электронды порталда ауыстыру қызметін кеңінен қолдана бастады. Қаңтар айында мамандандырылған бөлім арқылы 729 ақтөбелікке онлайн қызмет көрсетілген. Соның ішінде, 10 214 адамға жүргізуші куәлігі берілсе, 14 483 азамат көлік құралын қайта тіркеуден өткізіп, 64 қызмет алушы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің көшірмесін алған.

         «Айта кететін тағы бір жайт, бүгінде «Азаматтарға арналған үкіметтің» бастамасымен барлық аймақтарда «Біз жылу сыйлаймыз!» шарасы өтіп жатыр. Қиын қыстау күнде халықтың еңсесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған бұл шара облыстар арасында дәстүрге айналды. Өміріндегі маңызды оқиғаға орай мемлекеттік қызмет алуға келген азаматтарды құттықтап, құжаттарын салтанатты түрде табыстау дәстүрін енгізіп жатырмыз. Халыққа сапалы және жылдам қызмет көрсету-біздің басты мақсатымыз»,-дейді фронт-офистерді үйлестіру басқармасының басшысы Аслан Уразов.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Ақтөбе  облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *