Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының қоғаммен байланыс менеджері Сәуле Хамидолла мәлімдеді, деп хабарлайды sakhara.kz.

Қызметті алу үшін ХҚО операторына келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • сатып алу-сату келісімшарты 2;
  • мүліктің техникалық паспорты;
  • мүлік меншігіне құқық беретін құжаттар (сатушы тарапынан);
  • некеде болса, екі тараптың да нотариус арқылы рәсімделген келісімі.
  • Қызмет құны (тұрғын үй үшін) — 1 202 теңгені құрайды. Қызмет құны тұрғын үйден басқа жылжымайтын мүлік түрлері үшін (қойма, автотұрақ т.б.) ауданына қарай өзгереді. Егер тұрғын үй жекежай болса, қызмет құны өзгермейді, бірақ жер телімі және басқа да жекежай аумағындағы құрылыс нысандары үшін қосымша төлем жасалады. Қызмет көрсету мерзімі құжат тапсырған күнді есепке алмағанда – 1 жұмыс күнді құрайды, — деді Сәуле Хамидолла.