Елбасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар: Әлихан Асханұлы Смайылов — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары — Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;
Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев — Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев — Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Дәурен Әскербекұлы Абаев — Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Марат Бақытжанұлы Бекетаев — Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Елжан Амантайұлы Біртанов — Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
Арыстанбек Мұхамедиұлы — Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев — Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев — Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2019 жылғы 25 ақпан
№ 849
Х х х
Мемлекет басшысының Жарлығымен Сапархан Кесікбайұлы Омаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, Роман Скляр — Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Руслан Дәленов — Ұлттық экономика министрі, Күләш Шәмшидинова — Білім және ғылым министрі, Ерболат Досаев — Қазақстан республикасы Ұлттық банк төрағасы, Бердібек Сапарбаев — Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Ал Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалып, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды.
***
Премьер-министр тағайындалған соң Назарбаевтың Жарлығымен бірнеше министрлік қайта құрылды. Қазақстан президенті ақпарат және коммуникациялар министрлігін қоғамдық даму министрлігіне қосты. Енді бұл ведомство «Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі» деп аталады. Ал қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі енді «Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі» деп аталады