Қазақта ғылым туралы кино қашан түсіріледі?

Бүгінгі адамдардың өмірін киносыз елестету мүмкін емес. Рас, өнердің бұл түрі күн өткен сайын дамуда, тақырыптық жағынан кеңейе түсуде. Қалың бұқараның жүрегін жаулаған киноның шығу тарихы Франциядан бастау алады. Кино өнерінің негізін қалаушы ретінде ағайынды француз Луи және Огюст Люмьерлердің есімдері ерекше аталады. Хронофотографияны 1894 жылы француз физиологы Жорж Демени ойлап тапқан. Америкалық өнертапқыш Томас Эдисон фонографты құрды. Неміс фотографы О. Аншюльц тахископты шығарды. Американдық өнертапқыш У.Латам паноптикон жасады. Осылардың арқасында көрермендерге алғашқы фильмді түсіруге және көрсетуге мүмкіндік туды. Бұл өнертапқыштардың жаңалығы XIX ғасырдың аяғындағы ұлы төңкеріс болды. Ағайынды Люмьерлер фотограф әрі фотоқағаз фабрикасының иегері, ірі кәсіпкер Антуанның отбасында дүниеге келген. Луи фотоэмульсияның сезмталдығын арттыру туралы алғашқы тәжірибелік жаңалығын он бес жасында ойлап табады. Кейін әкесінің қолдауымен фотопластинка шығаратын фабрика ашады. Үздіксіз ізденісте жүретін ол Томас Эдисонның кинетоскобымен танысып, Рейноның оптикалық театр ұстанымдарын қосып, суреттердің оптикалық проекциялық көріністерін құрады.

Ұлық ұстаз һәм гуманист ғалым

Әл- Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын алады. Оның екі жүз қырыққа жуық трактат жазуы ғылыми мұрасының аса мол екендігін айғақтайды. Олар ғылымның алуан түрлі саласын- философия мен логиканы, математика мен физиканы, астраномия мен ботаниканы, минералогия мен лингвистиканы, медицина мен музыканы,социология мен педагогиканы, поэзия мен психологияны қамтиды. Данышпан ойшыл өз еңбектерінің көпшілігін ұстаздық тұрғыдан тәлім-тәрбиелік мақсатқа орайластырып жазған. Оның арифметика, геометрия, астраномия, музыка ғылымдарын педагогикалық, яғни тәрбиелік ғылымдар деген жүйеге жатқызуы, педагогика, методика мәселелері жөнінде еңбектер жазуы ұлық ұстаз екендігін анық байқатады.