ӨЛКЕМІЗДІҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ

Дендер-Нарын өлкесінде Кеңес өкіметі орнаған кезге дейін ислам діні жүйесіндегі имандылық және білім беру ошақтары – мешіттер мен медреселер біршама болған. Өңірдің шежіре-қарттарының мәліметтері бойынша олардың саны алтауға жеткен. Сол алтаудың бірі және бірегейі Әйіп қажы салдырған атақты «Көкмешіт». Жалпы Индер ауданы аумағында Ислам дінінің туын биікке көтерген діндар- ғұламалар аз болмаған. Олардың қатарында осы Әйіп қажыны және Нарын құмының тумалары «Жеті қазірет» атауымен танылған Себек руынан шыққан бір топ діни қайраткерлерді атауға болады.

Қаламгерлер қалжыңы немесе Тілшілік өмір «трюктері»

Бүгінде шыға бастағанына 90 жыл толып отырған «Дендер» газетінің арғы-бергі жылары жұмыс істеген аға буын қызметкерлері мен газет тілшілерінің көңіл-күйлеріне, бастан кешкен оқиғаларына, куә болған жайттарға да байланысты туындап, кейін әзілге айналған әңгімелер аз емес.