Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге алған қазақстандықтың бірде біреуі жауапкершілікке тартылмайтынын мәлімдеді.

«42 500 теңге алған бірде-бір адам, тіпті ол қателескен болсын қылмыстық жауапқа тартылмайды. Осымен осы мәселеге нүкте қояйық. Біз ешкімді тексермейміз, бұл әлеуметтік төлем. Үй-үйді аралап, тексеріс жасамаймыз. Уайымдамаңыздар, сізге берілсе, алыңыз, жұмсаңыз. Тексерсе, бізді тексереді», — деді министр Нұр-Сұлтанда өткен онлайн брифингте.