Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілерге, волонтерлерге алғыс айтты.
«Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны көбеюде, бірақ геометриялық прогрессиямен емес. Бұл дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесі екені анық. Бірақ, індет шарықтау шегіне жеткен жоқ.
Азаматтарымыздан карантинді сақтауды сұраймын. Дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілерге, волонтерлерге алғыс айтамын. Олардың қауіпсіздігіне баса мән беру қажет», — деп жазған ол.