Еш уақытта, еш нәрседен жаралмаған,
Әйелге де, еркекке де саналмаған.
Әлемнің іші де сол, тысы да сол,
Мекені жоқ, жанына жан бара алмаған.
Түрі-түсі, шет-шегі, салмағы жоқ,
Ешбіреуге бермегі, я алмағы жоқ.
Бар әлемнің қожасы бір Алланың,
Жары түгіл, санасында жармағы жоқ.
Тәңірі өз кереметін тарататын,
Жер жаһанға жаятын шарапатын.
Сай келетін нәрсені іздейді екен,
Орынбасар – Адам тәнін жарататын.
Таласады қызметке тау менен тас,
Шетте қарап қалмады орман-ағаш.
От пенен су о да шықты мені ал деп,
Аспан мен бұлт арасында болды талас.
Тау айтады: мен биікпін, асқармын,
Алыстарға көзімді бір тастармын.
Алтын айтты: мен әзизбін, тазамын,
Мықтысы кім соның атын жазамын.
Су айтады: мен тасқынмын тулаған,
Жел айтады: мен дүлеймін шулаған.
От айтады: мен күштімін бәрінен,
Қорықпаймын ешбірінің әрінен.
Аспан айтты: мен асқақпын, көктемін,
Ешкім маған жүргізе алмас өктемін.
Ағаш айтты: мен жұмсақпын, нәзікпін,
Ат байласаң, үй салсаң да қазықпын.
Тас айтады: ал мен өте қаттымын,
Жасар менен әлі талай затты мың.
— Бар мақұлық астында болам езбе,
Алла менен адамды жаратпас,- деп.
Үнсіз қалды жер ғана осы кезде,
— Түрған жоқ па бәріне жарап тас?- деп.
Хақ Тағала бір шолып көз тастайды,
Сәлден кейін былай деп сөз бастайды:
— Тау, сен өзің не деген тәкаппарсың,
Алдырмайсың, мейлі кім тақап барсын.
— Алтын, сенің сыртың ғана жылтырақ,
Баяның жоқ, ішің болса қалтырақ.
— Су, сен тасып өткел бермей кетесің,
— Жел, сен өзің тұрақсыздық етесің.
— От – қатыгез, сен маған жарамайсың,
Жанғаныңда жақсы-жаман қарамайсың.
— Аспан, өзің мақтаншақсың, білмейсің,
Білмей жатып көзге ешкімді ілмейсің.
— Ағаш, өзің сынғашсың ғой, әлің жоқ,
Сынақтарға шыдайтұғын қалің жоқ.
— Тас – мейірімсіз, жақынға жылуың жоқ,
Көмек етер біреуге іс қылуың жоқ.
Жерге қарап, оның түрін байқады,
Оған да Алла өз шешімін айтады:
— Жер, сен өзің сабырлысың, салмақты,
Кішіпейіл мінезің бар ардақты.
— Бар мақұлық нәжісін төге берсін,
Ал сен оған хош иісті гүл егерсің.
— Саған сіңіп, лас судан бұлақ болар,
Мінездерің адамзатқа шырақ болар.
— Адам сенен жаралып саған құлар,
Сен сияқты мінездісі маған да ұнар.
Осылайша Алла оны мақтады,
Бірақ Жерге мына бір жай жақпады.
— Қойыныма көмсін сансыз адам, мейлі,
Дене шіріп, топырақ болар,- дейді.
— Дегенменен, адам көп күнә жасар,
Сол күнәнің ауырлығы мені басар.
— Қиянат бар, зорлық бар оған қатар,
Осынша көп ауыртпалық маған батар.
Осыны айтып, жер мұңайып жатады,
Сонда құдай былайша үн қатады:
— Жер, қайғырма, күнә деген жойылар,
Құран оқып болса дене қойылар.
— Бағыштаса құранды ұрпақ әруаққа,
Күнәлардан тазарады әр уақта.
Қане, сөзің бұдан артық болса өзге,
Жер көңілі тынышталды осы сөзге.
Қазақ бұдан үлгі-өнеге алыпты,
Тойдырыпты жеті шелпек халықты.
Әруақтарға құран оқып, еске алу,
Дәл осы бір оқиғадан қалыпты.
Ізбасаров Есенбай Серікұлы
19.ХІ.2019
Атырау қаласы