2020 жылдың 14 ақпанында Атырау облысы Полиция Департаментінің бастығы полиция полковнигі Қ.Б.Үмбетқалиевтің халыққа есеп беру кездесуі өтті. Жиында Қ.Б.Үмбетқалиев сөзін бұл кездесудің мақсатын айқындаумен бастады. Полиция қызметі жұмысының ашық та, айқын дығын көрсету мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыстар жүргізіп жатқандарын атап кетті.
— Ведомстволық «Телепатруль» бағдарламасымен жергілікті телеарна арқылы полицияның күнделікті жұмыс нәтижелері халық назарына шынайы жеткізіліп, жарияланып отыр,- деді полиция басқармасының бастығы.
Полицияның есеп беру кездесуінде айтылған басты мәселелер мыналар болды:
— Ұрлық қылмыстары, оның ішінде, мал ұрлығын баса назар аудартып айтты. Пәтер ұрлығын санын азайту мақсатында жүргізілген іс-шаралардың қорытындысын, алдағы уақытта осы бағыттағы артқарылуға жоспарланып отырған шараларды тізіп берді.
— Ақпараттық технология саласында алаяқтық қылмыстар санының өсінің алаңдатушылық туғызғандығын баян етті. Қ.Б.Үмбетқалиев: «Алаяқтық қылмыстарының жолын кесу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет жүйелері арқылы алаяқтықтың алдын алу тәсілдері мен одан сақтану жолдары жариялануда»,- дейді.
— Полиция жұмысының бағыттарының бірі – ол облыс аумағында есірткі қылмыстары мен нашақорлыққа қарсы іс-әрекет жүргізу, олардың алдын алып, жолын кесу екендігіне көңіл аудартты. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда, жергілікті атқарушы органдармен бірге жыл сайын Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес акциялары өткізіледі. Облыстың Білім беру, Денсаулық сақтау, Спорт және дене шынықтыру басқармаларымен және Үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен іс-шаралар жоспары жасақталып, бекітілді»,- деді полиция бастығы.
— Еліміздің табиғи байлықтарын қорғап, сақтау – Полиция органдарының міндеттерінің бірі болып табылатындығын айта отырып, Жайық-Каспий бассейнінде браконьерлік іс-әрекеттердің жолына қалай тосқауыл қойып жатқандарын айтты.
— Өткен жылы облыс көлемінде жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу бағытында бірқатар жедел-профилактикалық және локалды іс-шаралар жүргізілгендігін атап өтті.
— Жолдардағы қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз ету жұмыстарына тоқталып өтіп, өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары 14,5%-ға, қаза болғандар саны 12,6%-ға төмендегенін айтты. «Жергілікті телеарналарда жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыбында әлеуметтік бейнероликтер үнемі негізде көрсетіліп, халық назарына жеткізіліп отыр»,- дейді Қ.Б.Үмбетқалиев.
— Көші-қонды бақылау және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл мәселелері – бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі екендігін атап өтті.
— Қоғамдық қауіпсіздікті тиісінше қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын бейнебақылау желісі кеңейтілуде; облыс орталығындағы бейнекамералардың жалпы саны 759 бірлікті құрады (337–қозғалмалы, 422–стационарлы), олардың көмегімен 75 қылмыс ашылып, 22968 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған екен.
— Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде – барлық мемлекеттік органдарды цифрландыру бағытындағы маңызды бағыттардың бірі «Электрондық қылмыстық іс» және «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» жобаларын енгізу болып табылатындығын атап көрсетіп, есепті мерзімде анықталған 174 434 құқық бұзушылықтың 90 мыңға жуық (89 929) хаттамасы планшеттердің көмегімен электронды форматта толтырылғандығын жеткізді.
— Құрметті облыс тұрғындары! Осы кездесу арқылы, өткен жылы Мемлекет басшысымен қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық заңдылықтар мен жеке тұлғаның құқықтарын қорғауды күшейту сұрақтары бойынша 4 Кодекске (УК, УПК, УИК, КоАП) және 20 заңға (2019 жылғы 30 желтоқсан) өзгерістер енгізіліп, қол қойылғанын айта кеткім келеді,- дейді полиция бастығы.
— Полиция қызметкерлерімен бірге азаматтар тарапынан белсенділік танытып, өздерінің азаматтық жауапкершіліктері арқасында бірқатар оқыс оқиғалардың алдын алуға және қылмыстардың ашылуына үлестерін қосқан азаматтар туралы да сөз қозғап өтті.
Мәселелер айтылып болғаннан кейін Азаматтық борыштарымен адам өмірін құтқаруда көрсеткен батылдықтары үшін, Авангард мөлтек ауданында кішкентай нәрестені тауып алып, тиісті органдарға хабарлап, нәтижесінде нәрестені аман алып қалған Надежда Ивановна Паллиді, Ақжар поселкесінде суға батқан балаларды құтқаруға қол ұшын беріп көмектескен Дамир Берікұлы Аяубаевтарды марапаттады.
Атырау облысы Полиция Департаментінің бастығы полиция полковнигі Қ.Б.Үмбетқалиев сөз сөйлеп болғаннан кейін, оның орынбасарлары, Департаменттің басқарма-бөлімдерінің, қалалық және аудандық полиция құрылымдарының басшылары халық көкейіндегі сауалдарға жауап берді.
Сахара Ақпарaт