Атырау облысында оқушылардың кәсіби бағдарын дамытуға, шығармашылық қабілеті мен практикалық дағдыларын шыңдауға бағытталған «JasSkills – Atyrau 2026» облыстық шеберлік чемпионаты өтті.
Байқау қатысушылары төрт құзыреттілік бойынша өзара бақ сынады. Атап айтқанда:
- «Сән технологиясы»;
- «Мейрамханалық сервис»;
- «Кондитерлік іс»;
- «Шаштараз өнері».
Чемпионат барысында қатысушылар таңдаған мамандықтары бойынша кәсіби шеберліктерін, теориялық білімдерін және тәжірибелік қабілеттерін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар жүлделі орындарға ие болды «Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша:
🥇 І орын – Қуандық Аида, Индер ауданы, «Көктем» орта мектебінің 10-сынып оқушысы;
🥈 ІІ орын – Серікқызы Мәдина, Құрманғазы ауданы, С. Имашев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы;
🥉 ІІІ орын – Құрқаққызы Айшолпан, Махамбет ауданы, О. Шонаев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы.
«Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша:
🥇 І орын – Ержанқызы Еркеназ, Қызылқоға ауданы, Х. Досмұхамедов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы;
🥈 ІІ орын – Асылбекқызы Айару, Құрманғазы ауданы, Ә. Сәрсенбаев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы;
🥉 ІІІ орын – Әміржан Диана, Исатай ауданы, Аққыстау орта мектебінің 9-сынып оқушысы.
«Мейрамханалық сервис» құзыреттілігі бойынша:
🥇 І орын – Өтепқали Сәтберген, Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназияның оқушысы;
🥈 ІІ орын – Қайыржанқызы Медина, Индер ауданы, Жамбыл атындағы орта мектептің оқушысы;
🥉 ІІІ орын – Ақылбекқызы Әдемі, Қызылқоға ауданы, Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің оқушысы.
«Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша:
🥇 І орын – Жалқыбақ Жанерке, Жылыой ауданы, №3 орта мектептің оқушысы;
🥈 ІІ орын – Руффатқызы Ақкүміс, Махамбет ауданы, Д. Төленов атындағы орта мектептің оқушысы;
🥉 ІІІ орын – Жарас Нұргүл, Индер ауданы, Қ. Есқалиев атындағы орта мектептің оқушысы.
Облыстық чемпионат жас буынның кәсіби бағдарын айқындап, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, кәсіби шеберліктеріңізді шыңдай беріңіздер!

