Қазынашылық – кірістер мен шығыстар бойынша бақылауды жүзеге асырады, бюджет қаражаттарының мақсатты жұмсалуына жауап береді, ақша ағынының қозғалысын оңтайландырады, бюджет қаражатын шоғырландыруды, оның жұмсалуының ашықтығын, тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда қазынашылық жүйе қаржылық жүйенің басты бөлігі болып отыр.

Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Маңғыстау аудандық қазынашылық басқармасы есепті жылдың қорытындысы бойынша бірқатар жұмыстар атқарды. Атап айтқанда, басқармамыз 59 мемлекеттік мекемеге, оның ішінде 1-кірістер басқармасына, 1-республикалық бюджеттен, 30-облыстық, 14-аудандық және 12-төртінші деңгейлі бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу, кассалық түрінде  ағымдағы  шоттарға қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда барлық мемлекетік мекемелеріміз қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс жасауда.

Бюджеттік заңнамаларға, бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне, «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесін пайдалану басшылықтарына және басқа да ақпараттық негіздегі материалдарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік мекемелерге дер кезінде жеткізіледі. Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кәсіби кеңестер беріліп тұрады. Сонымен қатар, басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын сақтауы туралы жоспардан тыс техникалық оқулар өткізіледі.

Сондай-ақ, 2024 жылдың 31 мамырында басқармамызда мемлекеттік қызметте 40 жылдан аса қызмет еткен Махмутов Нұралы Бекмурзинді зейнет жасына келуіне байланысты ұжымдастар Маңғыстау облыстық Қазынашылық департаментінің «Құрмет грамотасымен» марапаттап, сый-сияпаттарын табыстады. Атап өту керек, Нұралы Махмутов – еңбек жолында тәуелсіз еліміздің қаржы жүйесін қалыптастыруға, экономикалық дамуына үлесін қосқан бас қазынашы.

  Қорытындылай келе, Маңғыстау аудандық қазынашылық басқармасының әрі қарайғы қызметі де бюджет қаржысын қолданудың нәтижесі мен тиімді болуын қамтамасыз ету, одан әрі арттыру және мемлекеттік мекемелермен жұмыс жүргізу әдістерін жетілдіру жолымен бюджет мүдделерін қорғауға бағытталады.

А.КАРГАБАЕВА,

Маңғыстау аудандық қазынашылық

басқармасы басшысының орынбасары