Біздің халқымыз әрқашан мейірімділікпен, қиын уақытта көмектесуге дайын болуымен ерекшеленді.
Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынына тап болған кезде мыңдаған адамдар зардап шеккендерге көмектесуге шақырылды. Біреулер өз көлігінде жерлестерін тасымалдады, біреулер заттарды әкетуге көмектесті, ал тағы біреулер медициналық көмек көрсетіп, азық-түлік жеткізді. Жанашыр адамдардың арқасында материалдық көмек жинау ұйымдастырылып, қомақты қаражат аударылды.
Қолдау жайлы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада волонтерлерді, құтқарушыларды, дәрігерлерді, әскери қызметшілерді, меценаттарды салтанатты қабылдау кезінде айтты.
– «Сын сағатта еліміз ырысты ынтымағын танытты. Біз табиғи апат кезінде жұрт болып жұмылдық. Біртұтас ел екенімізді көрсеттік. Құтқарушылар, әскерилер, ішкі істер органдары мен әкімдік қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеді», – деді Президент.
Адамдарға үлкен көмек көрсеткендердің арасында «Халық» қайырымдылық қоры мен Halyk Bank бар. Атырау облысының Құлсары қаласының үйлерін салуға, тұрғын үйлерін қалпына келтіруге шамамен 30 млрд. теңге бөлінді. Жалпы көмек көрсетілген тұрғын саны 984 адам.
Залалды бағалауды тәуелсіз сарапшылар жүргізді, ал тізімдерді зардап шеккендерден алынған өтініштер негізінде әкімдіктердің жедел штабы жасады.
- «Көмек тез берілді, мүмкіндігінше көмектің жедел көрсету міндеті қойылды. Өтінімдерді қабылдау және қаражат аудару жұмыстары екі ауысымда жүргізілді», — деп мәлімдеді қорда.
Естеріңізге сала кетейік, қордың құрылтайшысы, белгілі меценат қайырымдылық қызметін бірінші рет жүзеге асырып отырған жоқ. Осылайша, қор Атырауда қорғаныс бөгеттерінің құрылысына демеушілік жасады. Жанар-жағармай материалдарын, қаптар мен басқа да керек-жарақтарды сатып алуға 280 миллион теңге бөлінді.