Атырау қалалық Пробация қызметі бөлімінде «Шанс» әлеуметтік құқықтық-психологиялық жасөспірімдерді қолдау орталығының психологы мен «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету қоғамдық қорының теологі және пробация психологы бірлесе отырып, Пробация есебінде тұрған сотталған жасөспірімдермен кездесу өтті.

 Орталық психологы Певцова А.П. мен теолог Закария Алмат Ардақұлы адамдардың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін деструктивті діни ағымдардан сақтану жолдарын айтып, жасөспірімдердің қоғам арасында өз қарым-қатынастарын қалыптастыру, өз-өзін реттеу және қоғамдағы жағымсыз әрекеттердің алдын алу бағыттарын түсіндірді.

Біз ұлттық және діни-рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау арқылы ғана бүгінгі қоғамды және келешек ұрпақты жат идеологиялардың кері әсерінен қорғауды қамтамасыз ете аламыз.

Қаламыздағы пробация  қызметінде өтетін осындай кездесулер қоғамның діни-психологиялық мәселелерін шешуде білім мен тәжірибелерін  арқау етіп,  рухани көмек  беруде өз әлеуеттігін көрсетті.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *