Хромтауда кен өндіру жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл – ERG құрамындағы Қазхромның шағын кен орындарын игеру бағдарламасының жалғасы. Шағын кен орындарын дамыту ферроқорытпа зауыттарына шикізатты тұрақты жеткізуді қамтамасыз етіп, негізгі өндірістік қуатты ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Дөң тау-кен байыту комбинатында келесі жылы үш шағын кен орны өндірілмек. Бұл жұмыстың кәсіпорынның негізгі қуаттарын қолдауға көмегі зор. Қазірдің өзінде ERG Exploratiоn геологтары «Оңтүстік Кемпірсай» кен орнында жаңа учаскелерді іздестіріп жатыр.
Қазіргі таңда «Геофизическое 11» кен орнын игеру аяқталды. «Июньское» жерінде де артығымен кен алынды. Оның орнына жаңалары қолға алынбақ. Яғни биыл «Южный» карьерінің шығыс жағы іске қосылған болатын.
– Көп ұзамай «Геологическое 1» кен орнының жерасты қорын іске қосуды жоспарлап отырмыз, — деп түсіндірді жоба жетекшісі Виталий Гусаров. – Қазан айында «20 лет КазССР» карьерінің қазба астындағы қорларын өндіруді бастау жоспарлануда. Әрі №39 бен «Геофизическое № 7» кен орындарында тау-кен күрделі жұмыстары жүріп жатыр. Жетінші кен орнында ұңғылау жұмыстары екі алып көлікпен жүргізілуде. Түйісім желтоқсан айына күтіліп отыр. Одан кейін эксплуатациялық барлауға кірісеміз. Сонымен қатар «Дүбірсай» кен орнында үшінші тазарту блогының дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Кеннің ең көп өндірілетін жері – «Южный» карьерінің шығыс бөлігі мен «Геологического-1» және «20 лет КазССР» орындары. Бұл үш кен орны 2023-2024 жылдары бір уақытта пайдалануға беріледі.
Арайлым Ғани
Кеншілердің еңбегі елене берсе екен