(Мемлекет басшысы «Қ.Тоқаевтың Жаңа Қазақстан :
Жаңару мен Жаңғыру жолы» жолдауынан туған ойлар)
Бұл жолғы Жолдаудың аты да заты да өзгерек . Өзгерек дейтініміз :Қазақстан қоғамында үлкен серпіліс тудырған жолдаудың бір ерекшелігі -«Кеңесіп пішкен тон келте болмас «деген халық даналығына сай алдын ала ақылдасу,пікірлесу мақсатында жұртшылыққа ұсынылуында.
Жаңару мен жаңғыру Табиғат пен адамға қандай маңызды болса, мемлекет қоғам үшін де сондай жоғары маңызға ие.Президент осы Жолдауының кіріспесінде атап көрсеткендей ,Еліміз ашық күнде аспананнан жай түскендей болған «Қаңтар қасіреті» аталған қауіп- қатерлі бір сынақты бастан кешті.Кінәлілер қатаң жазасын алар .Белгісіздік шымылдығы түрілер .Бүлікшілдік әрекеттің басы-қасында болғандар анықталып ,кімдер екені жария болар ;Әділдік салтанат құрар…Біз осылай боларына,жариялылық заманында ,ашық қоғамда ақиқат айтылмай қалмайтынына сенеміз .Өйткені ,адамзат баласын ұдайы алға жетелеуші күштердің бірі-(сенім,үміт,махаббат үшеуінің бірі)-сенім бізде бұрынғы қай кездегіден де молырақ.Мемлекет басшысының мына бір сөздері шындыққа ,ақиқатқа деген сенім күшін еселеп нығайта түседі:»…Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған ,бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті. Халыққа көпірме сөз ,бос уәде емес көзбен көріп ,қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек. Біз кез келген мәселені ашық айтып ,оны шешудің оңтайлы жолдарын бірге іздеуіміз қажет. Экономикадағы ,саясаттағы жасанды монополияларды түбірімен жоюға тиіспіз.Оның орнына ашық әрі әділ бәсеке орнату өте маңызды.Себебі нағыз бәсеке болғанда ғана халықтың әл-ауқаты артып,жағдайы жақсарады… »
Осындай ойлардан шындық бәрінен қымбат , жалғандық- бізге жат екені анық көрінбей ме?!Жолдаудағы идеялардың басты құндылығы осы-шындық, ашықтық,жалғандықтан арылу.Қасым-Жомарт Кемелұлы «қасіретті қаңтар»оқиғаларының маңызды сабағы деп мыналарды атап көрсетеді «…Мемлекеттегі ең жоғары лауазымды тұлғаның қолында барлық өкілеттіктің шоғырлануы оған жақын тұлғалармен қаржылық -олигархиялық топтардың ықпалын орынсыз күшейтеді.Сосын,олар мемлекетті жеке меншігі сияқты көре бастайды … -деп ендігі уақытта саяси және экономикалық қызметтің монополиялануына жол берілмейтінін шегелеп айтады. Сонымен қатар «тамыр -таныстықтықпен рушылдықтың құрдымға бастайтынын да «ескертіп өтеді.Еліміздің саяси өмірінде болмақ аса елеулі жаңалықтардың бірі- Парлементтің, өкілді биліктің рөлінің артуы.Дамыған елдер тәжірибесіне қарасақ, өркениетті қоғамның басты қозғаушы күші , халық пен биліктің арасындағы» алтын көпір», мемлекет заңдарын шығаратын әрі сол заңдардың орындалуына» бас-көз» болатын да халық сайлаған Парламент депутаттары.Болашақта жаңа Қазақстанның стратегиялық ұлы мақсаттарына жұмыс жасайтын жаңа»Сайлау туралы «Заңымыз Еліміздегі сайлау жүйесін одан әрі жетілдіріп , бүкіләлемдік сайлау үдерістерінің ең озық технологияларын енгізе отырып, осы жолдауда көрініс тапқан пропарционалды және мажоритарлы жүйе қатар қолданылып,аралас сайлау ,үлгісімен азаматтардың саяси белсенділігі арата түсеріне сеніммен қараймыз. Халық сайлаудың әділ өткендігіне күмәнданбаса, «әділ өтті «деп бағаласа, сайлау нәтижесінде қызметке келген әкім де, депутат та алды жарық болып ,ешкімнен , ештеңеден тайсалмай ,халықтың мұң -мұқтажын анық біліп ,шешу жолдарын көпшілікпен ашық ақылдаса келе, Үкіметпен бірлесе отырып табар еді.Мәслихаттар -мығым ,мәжіліс депуттары -іскер ,Сенат депутаттары салихалы, сарабдал болса мемлекет тұғыры берік, Тәуелсіздігіміз баянды болары анық.Жолдаулың аса маңызды тұстарының бірі — құқық қорғау иниститутарымен күшейтуге бағыттаған идеялар. Осы орайдаПрезиденттің Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында болған Концтитутциялық сот институтын қайтадан құруды ұсынуды -оңды шешім деп білеміз .Себебі ,қарапайым азаматтың өз құқығын Конститутциялық сотқа дейін жүгінуге, қорғауға мүмкіндік алуы -заң үстемдігі мен әділдігінің кепілдігі емес пе!? Сонымен қатар сот саласында «кадр іріктеудің жаңа жүйесі енгізіліп сот үдерісі мен рәсімдерінің ,ашық болуының «Жоғарғы сот кеңесі тарапынан бақыланып, осы құрылымның судьялардың,тәуелсіздігіне және оларға ешкімнің қол сұқпауына кепілдік беретіні» де құптарлық іс.Президенттіміздің осы Жолдауда көрініс тапқандай қоғамда «Төртінші билік » деп тектен- тек аталмаған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне бұ жолы да үлкен сенім артып ,оларға қатысты бағыт -бағдар белгілеуі де көңілге қонады. «Тәуелсіз әрі жауапкершілігі жоғары бұқаралық ақпарат құралдары болмаса, қоғамды одан әрі демократияландыру мүмкін емес екеніне сенімдімін. Сондықтан мемлекеттің мүддесін ,қоғамның сұранысын және медиа саланың даму үрдісін ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарау керек-» дегені- журналистер үшін сенім мен жауапкершіліктің белгісі .Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығы , азаматтық қоғамды жаңғырту жөнінде айтылғандар да жұртшылық ықыласынан орын алары анық.Олай болатыны -мемлекет басшысы назар аударғандай: Бабаларымыз ел тағдырын айқындайтын тарихи шешімдерді бүкіл халық болып ақылдасып, бірге қабылдаған .»Осы орайда ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына құрылмақшы жаңа құрылым ұлтық құрылтай «билік пен халықтың арасындағы дәнекерге «айналарына сенеміз. Жолдауда айтылған аса маңызды жаңалық- «Еліміздің әкімшілік -аумақтық құрылымының жетілдіруліуіне» байланысты жаңадан үш облыстың: Абай, Ұлытау ,Жетісу облыстарының құрылуы.Кең байтақ қазақ даласындағы ежелгі қоныс, жер-су атауларының, ұлылар есімдерінің ардақталуы-қандай жақсы үрдіс!Осындайда көкейде жүрген кей сұрақтар ойымызды бөлетіні бар. Егемендік алып,көк туымызды желбіретіп,БҰҰ-ның толыққанды мүшесі,Тәуелсіз мемлекет болғанымызға отыз жылдан асып барады.Өз елімізге,өз жерімізге өзіміз қожа ,иелік етіп , бізге қатысты ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғыртуға ,жаңартуға не кедергі?Қашанғы өзге ұлттың көңіліне қарап,жалтақ,жасқаншақтың күнін кешпекпіз?!Мәселен Солтүстік Қазақстан облысының орталығы әлі күнге Петропавл ,Павлодар облысының орталығы Павлодар атауларын өзгертуге нендей күш тосқауыл болып , қарсы болып, отырғаны бізге түсініксіз .Өз елімізде ,өз жерімізде отырған қазақта Ресейдің қандай шаруасы бар?Бұ жолғы жаңарулар,жақсылықтар болашақтағы осындай үдерістердің алдыңғы қадамдары болғай.Президент Жолдауынан түйген ойларыммен бөліскен оқырмандарыма айтарым : шындық ,ашықтық ,адалдық,әділдік идеяларымен қанаттанған Жаңа Қазақстан үшін, жаңғыру мен жаңару жолындағы Қазақстан үшін жасайтын игілікті істеріміз көп болғай!