Достар, 2021 жылы біз дайын құжаттарды үйіңізге дейін жеткізіп беру қызметін енгіздік.

Алғашында бұл сервис Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында қолжетімді болды. Енді оны Қазақстан бойынша барлық облыс орталығының тұрғындары пайдалана алады.

Құжаттар дайын болған соң клиенттің телефонына веб-парақшаға сілтемесі бар SMS-хабарлама келеді. Ары қарай сілтемеге өтіп, құжаттар жеткізілуі тиіс мекенжайды көрсету қажет. Біз мемлекеттік қызметтің 150 түрі бойынша құжаттарды жеткіземіз.

Жеткізу өтінім толтырылғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қызмет ақылы, жеткізу құны – 970 теңге.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *