Диспансерлік есепте тұрған қазақстандықтар дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды тегін немесе жеңілдікпен ала алады. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну керек, сондай-ақ egov.kz порталы арқылы да өтінім беруге болады.
Egov.kz арқылы өтінім беру тәртібі өте қарапайым. Порталда ЭЦҚ немесе бір реттік құпиясөз арқылы авторизациядан өтсеңіз болды.
Қызметтің толық атауы — «Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру».
Ары қарай қызметті онлайн алу батырмасын басып, дәрігердің берген медициналық рецептісінің берілген және аяқталатын күнін толтырыңыз.
5 минуттың ішінде өтінішіңіздің жауабы келеді.
Естеріңізге сала кетейік, дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікпен сатып алғанда науқастың жеке құжаты керек.