Sakhara.kz – Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев қызметінен босатылды. Ол Алматы әкімі лауазымына 2019 жылы тағайындалған болатын.

Ерболат Асқарбекұлы Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында туған. 1987 жылы Алматы қаласының О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірді. Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірді.

1997 жылы «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ басқарма төрағасы лауазымын атқарған;

1998 ж. — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңесшісі;

1998 ж. — Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;

2000 ж. — Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;

2001 ж. — Қазақстан Даму банкі Директорлар Кеңесінің Төрағасы;

2001-2003 жж. — Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің Төрағасы;

2003 — 2004 жж. — Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесі;

2004 — 2006 жж. — Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

2006 — 2012 жж. «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы;

2012 жылғы 25 қыркүйектен Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі.

2013 жылғы 16 қаңтардан Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

2014 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен (№ 880) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

2015 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен (№ 5) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды.

2016-2017 жылдары — «Бәйтерек» ұлттық холдингінің басшысы.

2017-2019 жж. вице-премьер қызметін атқарып келді.

2019 жылдың ақпанынан бүгінге дейін Ұлттық банк төрағасы қызметін атқарып келді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *