Есімі  өңірімізге белгілі азамат, математик ұстаз Борис Жанғалиұлы туралы барынша дәлдікпен,өлшеммен жазуға тиіспін.

Себебі,Бәкең нақтылықты, шындықты, туралықты қалайтын.Ұстазымның тұлғалық даралығын, азаматтық, ұстаздық табиғатын жинақтап айту үшін оның бейнесіне балама іздесем, екі сөз дәл келетіндей: біріншісі –«мұзжарғыш кеме», екіншісі- «генштаб», («бас штаб»). Әуелі  «мұзжарғыш кеме» дегенімді  түсіндірейін. Біріншіден, ағайдың есімінің өзі ерекше, әке-шешесі алдыңғы балалары көп шетінеп кеткесін, ырымдап қойған екен…Екіншіден, Бәкең алақандай ауылдан барып, математик мұғалім мамандығын таңдап,осы мамандықты жоғары деңгейде алып шығады. Үшіншіден,ағайымыз өз мамандығын жете меңгерумен қатар спорттың бокс, хоккей,дойбы, шахмат сияқты  түрлерін де еркін меңгеріп, бұған қоса бейнелеу өнері мен әдебиетті, тарихты жанына серік етеді. Төртіншіден, ұстазымыз –баяғы бабалар айтқан «сөз бастаудың қиындығын» теріске шығарған нағыз өткір ойлы шешен сөздің иесі еді. Осы айтылғандар ағамыздың Арктика мұзының айсбергтерін  бұзға мұзжарғыш кемедей сипатын көз алдымызға әкелмей ме?!

  «Генштаб» деген сипатының шешуі мынадай. Ағай сонау бір жылдарда, сірә, 1989 жыл болу керек. Жарсуат ауылында Бүкілодақтық халық санағында нұсқаушы- ұйымдастырушы болғанда, жұмысын сапалы орындаған іні-жолдастарының біріне :- Есебің дәл болды,жарайсың!

  Енді сені «генштаб» деп атайтын болам,-дегені бар…Шындығында өз жұмысын өте мұқият, сапалы, дәл атқратын Бәкеңнің өзі бүкіл  Махамбет атындағы орта мектептің мұғалімдері үшін нағыз бас штаб- «генштабымыз» болғанының куәсімін.Сабақтар арасындағы үзілістерде оның жанынан табылып, әдемі әзіл әңгіменің тыңдарманы болып отырып, қоңыраудың соғылғанын білмей қалатындар аз болмайтын… Ағамыздың тұлғалық қасиет-қырлары былайша түзіледі.

   1.Талапшылдық.

   2.Тәртіпшілдік.

   3.Табандылық.

   4.Тазалық.

   5.Турашылдық.

   6.Талғампаздық.

   7.Тиянақтылық.

   8.Тарландық (жолбасшылық)

    Замандарда әр ауыдың, әр мекеме,ұйымдардың өз абыз қариялары болған. Мұндай жандарды заманның,қоғамның,халықтың өзі тарих сахнасына шығарады. Бүгінде абыздар жоқтың қасы: біреудің бабы келіспей жүр; біреудің бағы келіспей… «Бір кем дүние»… Борис ағайымыз болғанда ғой… Ортамызда сөз бастап, әдемі бір әзіл» тастап отырар еді-ау…

           «Ауданнан келді қарт кісі;

            Қолында бар папкісі;

            Папкісінде не десек;

            Қара нанның қаттысы…» деген сияқты.

   Жаратылыс табиғаты секілді адам табиғатының да жаңару,қайтат өрлеу кезеңдері болады екен.Олай болса,ел мен жер,халық аман болса,тұлпарлар мен тарландар әлі талай өмірге келер деген үмітіміз бар…

  Ардақты ұстазым Борис Жанғалиұлының өмірден озғанына жиырма жыл толған тұсында ағамыздың рухына бас иіп,талай баланың біліммен жолын ашқан асыл жаны пейіште дамылдауды тілеймн.

  Жұбайы Қамар жеңгемізге,ұрпақтарына бар жақсылықтар мен игіліктер тілеуші: шәкірті Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі :

                              Амантай Бақыт,

Жарсуат ауылы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *