Қазан айының соңғы жексенбісі қазақстандықтар Әлеуметтік қызметкерлер күнін атап өтеді.
«Азаматтарға арналған үкіметтің» әлеуметтік саласында 3000 адам қызмет етіп жүр.
Бүгінде еліміздің 6,3 млн азаматы түрлі әлеуметтік төлемдер алады. Олар зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, соғыс және еңбек ардагерлері, көп балалы отбасылар.
Зейнеткерлік және әлеуметтік төлемдердің жалпы көлемі 2021 жылдың 9 айында 2,6 трлн теңгені құрады.
Пандемия кезінде де мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік блок қызметкерлерінің иығына қосымша жауапкершілік артты.
Мамандардың жауапты еңбегінің арқасында 12 млн-нан аса азамат дер кезінде әлеуметтік көмек алды.
Әріптестерімізді кәсіби мерекесімен құттықтаймыз. Әрқашан еңбектері бағалана берсін.
Кәсіптеріне сәттілік, отбасыларына береке тілейміз!