ЖСН тағайындалмаса, шетел азаматтары кәсібін, автокөлік немесе пәтерін өз атына тіркей алмайды.
Сондай-ақ ресми түрде жұмысқа орналасып, басшылық қызметке де тағайындала алмайды, банктің кейбір қызметтері де ЖСН-сіз қолжетімсіз.
Қызметті бір жұмыс күні ішінде ХҚО немесе eGov.kz арқылы алуға болады.
Маңызды! ЖСН алу тегін. Ол үшін тек белгіленген үлгідегі өтініш пен жеке басын куәландыратын құжат қана керек.
Егер шетелдіктің төлқұжатында аты-жөнінің кириллица немесе латын қарпіндегі емлесі болмаса, паспорттың кириллица немесе латын қарпіне нотариалды куәландырылған аудармасының көшірмесін қоса беру керек.
Шетелдіктер бұл қызметті eGov порталында үшінші тұлға арқылы тапсырыс бере алады. Себебі ЭЦҚ-сы болмағандықтан, порталда авторизациялана алмайды. Үшінші тұлға міндетті түрде ҚР азаматы болуы тиіс.
Жауабын жеке кабинетте білуге болады.