Көпшілігіміз өмірімізде бір рет болса да құжат жоғалтып көрдік.
Жоғалған құжаттарды сүйіншіге қайтарып беруі де мүмкін, бірақ оған сеніп отырудың қажеті жоқ.
Ең жиі жоғалатын құжаттардың бірі — автокөліктің техникалық паспорты. Бүгін біз оны тез қалпына келтірудің оңай жолын айтамыз.
Ол үшін жеке куәлігіңізді алып, тезірек автоХҚО-ға барғаныңыз жөн. Мұнда 1,25 АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлейсіз және құжатыңызды қалпына келтіру бойынша өтініш жазасыз.
Осымен шаруа бітті. Бірер сағат ішінде сізге көлік құралын тіркеу туралы жаңа куәлік беріледі.
Сондай-ақ, техпаспортты аты-жөніңізді өзгерткен кезде, құжаттар жарамсыз болып қалғанда немесе көлігіңіздің түсін өзгерткенде де ауыстыру қажет екенін естеріңізге саламыз.
Құжаттарыңызға мұқият болыңыз!