Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мәншук Тынышқалиқызы Мукашева ұзақ жылдардан осы саланың білгір маманы ретінде танылған ұстаз. Ол 1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітіргеннен кейін осы оқу орында еңбек жолын бастайды. Ұзақ жылдар Журналистика факультеті деканының орынбасары, кейін университеттегі «Парасат» оқытушы-профессорлар кәсіподақ комитетінің төрайымдылығына сайланады. Кәсіподақ – қашанда еңбеккерлердің құқығын қорғап, әлеуметтік жағынан қолдауға күш салатын қоғамдық ұйым. Бұл міндетті де М.Т. Мукашева абыроймен атқара білді.
М.Т. Мукашеваның ұзақ жылғы білім беру мен тәрбие беру ісіндегі, кәсіподақ қозғалысын арттыруға қосқан үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен, Алматы және Атырау қалалары Әкімдерінің Алғыс хаттарымен, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Құрмет грамотасымен, ҚР БжҒМ-нің Құрмет гарамотасымен марапатталып, «ЖОО-ның үздік оқытушысы», Т.Амандосов атындағы Қазақстан журналистер сыйлығына ие болды.
Жуырда айтулы мереке күні Атырау облысының Әкімі М.Досмұхамбетов профессордың ұзақ жылғы педагогикалық қызметтегі жемісті еңбегі және кәсіподақ жұмысын нығайтуға қосқан үлесі үшін Алғыс жариялады.
Бүгін облыстық Кәсіподақтар үйінде «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Қ.Сүндетұлы Әкімнің Алғыс хатын тапсырып, гүл шоғын сыйлады.
Нұрсәуле МУСАЕВА,
баспасөз хатшысы