Ол – сан мәрте облыстық
және республикалық көрме байқаулардың жеңімпазы, «Ақ ерке,
Ақ Жайық» фестивалінің Гран при
иегері, 30-ға жуық монументальдідекоративті мүсіндердің авторы, Қазақстан Республикасы
суретшілер және Дизайнерлер
Одақтарының мүшесі, Испанияда суретшілердің қашықтықтан
өткізілген «Dali s Mustache» атты
халықаралық конкурсында ІІІ
дәрежелі, АҚШ-та өткен «American
Edition» халықаралық конкурсында
II дәрежелі және Мәскеуде өткен
«Magic muse» атты халықаралық
байқауда I дәрежелі дипломдармен, Жылыой аудандық және
халықаралық «Лучшие люди» энциклопедиясына енгізілген, осы
халықаралық энциклопедияның
I дәрежелі дипломымен және
«Сіңірген еңбегі үшін» орденімен
марапатталған, есімі республикаға
белгілі мүсінші Серік Мәтениязов
ағамыз болатын. Жақында біз мүсін
жасаудың хас шебері, жылыойлық
Серік Қамидоллаұлына ұялы телефон арқылы байланысқа шығып,
біраз сұрақтар қойған едік. Төменде
сол қысқа сыр-сұхбатымызды
назарларыңызға ұсынып отырмыз.
-Сәке, сізді қазыналы өңірдегі
тұңғыш кәсіби мүсінші екеніңізді
барша атыраулықтар жақсы
біледі. Осы қиындығы мен мехнаты көп, үнемі тынымсыз еңбек
пен рухтылықты, асқан шеберлік
пен кәсібіне деген құрметті, талант пен талапты тоғыстыратын
осынау мүсіншілік кәсіпке қалай
келдіңіз? Әлде бұл ата-бабалардан
дарыған қасиет пе?

Егер өңірімізде алыстан қыдырып келіп немесе жолаушылап жүрген қонақтар болып жатса, олардың көздері
бірден аудан әкімдігінің алдында тұрған халық батыры Исатай Тайманұлының алып ескерткішіне түсері
сөзсіз. Бірақ осы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы, батыр бабамыздың зәулім де айбынды ескерткішін кім
жасағанын кез келген адам біле бермеуі мүмкін.

-Менің алғашқы ұстазым туған
анам – Руза Житенғалиқызы. Ол
қолөнерші, ісмер адам болатын,
киіз басып, алаша тоқитын. Бала
кезімде қолымның шеберлігін
байқаған ол, маған тиыннан сақина
соғуды үйретті. Мыс тиынның ортасын тесіп, қырынан қойып айналдырып ұрып отырса, ол жалпайып
сақина болып шығады. Сосын егеп,
киізге үйкеп жылтыратып сақина
қылып шығаратынбыз.
Біздің жеріміз сазды жер болатын, құдық қазса, жер астынан таза
саз балшық шығатын. Балалар жиналып саздан мүсіндер жасайтынбыз, менің жасағандарым әдемі,
сүйкімдірек болып шығатын. Отан
алдындағы борышымды өтеп келгеннен кейін Оңтүстік мұнай барлау
экспедициясының құрылыс жөндеу
цехында тас қалаушы, ағаш шебері
болып қызмет еттім. Демалыс
күндері кесек бордан, гипстен ойып
мүсіндер жасау ермегім болатын.
Жасаған дүниелерімді туыстарға,
көршілерге сыйлап жіберетінмін.
Бір мерекеде көршіме астаудың
екі жағында отырған аю мен кірпісі
бар күлсалғыш жасап, сыйға тарттым. Осыны әлгі үйдің туысы,
көркемсурет училищесінде оқитын
студент көріп: «сәтті шыққан дүние
екен, оқуға келсе, емтихансыз
өтіп кетері анық» депті. Сол сөз
қамшылады ма, менде білім алуға
деген ұмтылыс пайда болып, 1981
жылы салып ұрып Алматыға тарттым. Көркемсурет училищесіне
құжаттарымды тапсырып, әлгі
«көріпкел» студент айтпақшы,
мүсін бөліміне оқуға түсіп кеткенім.
Сөйтіп, мүсінші Мұса Сейісовтың
класында білім алдым.
-Мүсіндеме жасау өнерін қалай
игердіңіз?
-«Қазіргі өнерде оны ажырату оп-оңай, қабырғада ілулі
тұрғанның бәрі – көркемсурет,
арт жағынан қарауға болатынның
бәрі – скульптура» деген екен
өнерді оңай санайтын біреу. Білебілсеңіз, мүсіншілік өте күрделі
мамандық. Училищеде алған
білімнің аздық ететінін жоғары
курста жүргенде-ақ сезгем. Содан білімімді одан әрі жалғастыру
мақсатында 1985 жылы Т. Жүргенов
атындағы Алматы мемлекеттік
театр-көркемсурет институтының
монументальдық-декоративтік
мүсін бөліміне оқуға түстім. Сәтін
салғанда, әйгілі мүсінші Хәкімжан
Наурызбаевтың класына тап болдым. Атақты ұстаздан мүсіншіліктің
қыр-сырын үйрене бастадым.
Негізінде мүсіндемеде – бейнелеу
өнерінің бір түрі. Оның ерекшелігі
көп жағдайда жасау техникасы мен
пайдаланылатын материалдарына
байланысты болып келеді. Біздің
елде қазір өнердің осы түрі кеңінен
қанат жаюда. Мүсінші мамандығы
ең күрделі мамандықтардың бірі
болғандықтан, мұнда екінің бірі
келе бермейді. Мүсін тастан,
ағаштан, саз балшықтан жасалады.
Ағаштан мүсін шығару үшін оны
алдымен қараңғы жерде кептіріп
аламыз. Содан мүсін жасауға дайын
болғаннан кейін ғана жұмысты
жалғастырамыз. Өнер туындысын
шығару оңай шаруа емес. Оған
үлкен еңбек пен дарын қажет.

Х а л ы қ б а т ы р ы И с а т а й
Тайманұлының туғанына биыл 230
жыл толады. Осыған байланысты
ауданымызда мәдени іс-шаралар
өткізу жоспарлануда. Ұмытпасам,
2019 жылы сіздің сомдауыңызбен
аудан орталығында батыр
бабамыздың айбынды ескерткіші
орнатылғанын білеміз. Осы
ескерткішті неше ай жасадыңыз?
Ескерткішті сомдау кезінде
батырдың қандай қасиеттеріне
көбірек көңіл бөлдіңіз? Мүсін
өзіңіздің ойыңыздан шықты ма?

-Исатай батырдың ескерткішінің
жасалуына бес айдай уақыт
кетті. Жобамыз әуелі аудандық,
облыстық байқаудан, кейін НұрСұлтан қаласынан мемлекеттік
комиссиядан өтті. Ескерткіштің
эскизін талқылау кезінде комиссия мүшелерінің тарапынан батыр
бабамыздың садақшы болғаны,
құралайды көзге атқан мерген
болғаны сөз болды. Бірақ қолына
садақ ұстатса, шолақтау көрінетін
болды, сондықтан Махамбеттің
«Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза
қолға алмай, Ерлердің ісі бітер ме?»-
деген өлең жолдарына сүйеніп
отырып, қолына найза ұстаттым.
Найзаның ұшына дейінгі кеңістік
мүсінді айбарлы қылып көрсетеді.
Сол пікірге сүйеніп, қорамсағын
да қостық. Бұдан бұрын Махамбет
ауданына Махамбет бабамыздың
мүсінін орнатқан едім. Исатай батырды да сомдау менің еншіме
бұйырғанына қуаныштымын. Бұл
ескерткіш ұрпақты отансүйгіштікке
тәрбиелейтін жәдігер болатынына сенімдімін. Исатай батыр ескерткішінің сәулетшісі
Құдайберген Ізтілеуов, жобалау
жұмыстарын жасаған Айнұр Хасанова, бәрі де құлсарылықтар.
Әрине, ескерткіш көңілімнен
шықты.
-Осы уақытқа дейін қанша тарихи ұлы тұлғалардың мүсінін
жасадыңыз?

-Шығармашылық тұлға ретінде
ешкімге тәуелсіз өз бетімен
жұмыс істегенді ұнатамын. 2005
жылдан бері мүсіншілік өнерін
жеке кәсіпкерлікпен ұштастырып
келемін. Бұл еңбектерім нәтижесіз
болған жоқ, Осы уақытқа дейін
облыс көлемінде орнатылған
монументальді-декоративті 30
шақты мүсіндерім жұрт игілігіне айналды. Атап айтқанда, ұлт-азаттық
көтерілісінің ұйымдастырушылары
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының, дәулескер
күйші Құрманғазы Сағырбаевтың,
қ а з а қ т ы ң ұ л ы а қ ы н ы А б а й
Құнанбаевтың, Кеңес Одағының
Батырлары Қайырғали Смағұлов
және Мұса Баймұхановтың,
ә д е б и е т з е р т т е у ш і , ғ а л ы м
Қабиболла Сыдиықовтың, ақын
Меңдекеш Сатыбалдиевтың, «Даңқ»
орденінің толық иегері Шүкір
Еркіновтің мүсіндерін жасадым.
Сондай-ақ даңқты мерген Есқайыр
Халықовтың, Социалистік Еңбек
Ері Ұлықпан Әбдірахмановтың,
Қазақстан Республикасының
еңбек сіңірген мұнайшысы
Сафи Өтебаевтың, Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген
ауыл шаруашылығы қызметкері
Шафиқ Ізбасовтың, қоғам
қайраткері Жанша Таңқыбаевтың,
қазақтың классик ақыны Жұмекен
Нәжімеденовтің, ағартушы ұстаз
Қазмұхамбет Қарашаұлының,
көрнекті ақын Хамит Ерғалиевтың,
«үшеуі тұтас – үш таған» атанған
әйгілі Нарынбай, Өтен, Төремұрат
батырлардың ескерткіштері мен
Табылды Досымовтың мүсінін жасадым.
Жазушы Мұзафар Әлімбаев
«Суретті көз салмайды, көңіл салады» деген екен. Жас ұрпақты
отаншылдыққа тәрбиелеуде
патриотизмнің ерекше орын
алатыны анық. Сондықтан мен
үшін Жылыой өңірінен табылған
екінші «Алтын адамның», Жылыой ауданынан аттанып, ауған
соғысында қаза болған интернационалист-жауынгерлерге
арналған ескерткіштің, Жеңістің
70 жылдығына орай Құлсары
қаласы мен Аққыстау ауылындағы
Жеңіс саябақтарына орнатылған
ескерткіш мүсіндердің құндылығы
жоғары. Бұлардан өзге Қарашүңгіл,
Достан ата, Доссор мұнайының 100
жылдығына арналған ескерткіш
белгілер және «Ата мен Ана»,
«Қонақжайлылық» монументальді
мүсіндері, Құлсары қаласындағы
көпір аузына «жылқының пірі –
Қамбар ата», «қойдың пірі – Шопан
ата» мүсіндері, субұрқаққа және
саябаққа арналған мүсіндер мен
«Тро-туар», «Күрес», «Кешкі әуен»,
«1937 жыл», «Жауап алу», «Ұйқыда»,
«Бір арқа шөп», «Кісен ашқан»
сияқты көрерменге түрлі ой салатын жұмыстарым да баршылық.
-Келешекте қандай тарихи ұлы
тұлғалардың бейнесін сомдау
жоспарыңызда бар?

-Мен алдағы жоспарларымды көп
жария қыла бермейтін адаммын.
Қазір Доссор ауылының маңына
Байбақты батырдың ескерткішін
салу жобасын жоспарлап жатырмыз.

Уақытыңызды бөліп, бізге шынайы сыр-сұхбат бергеніңізге көп-көп рақметімізді айтамыз.

Аяпберген САЛИХОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *