Жүргізуші куәлігі трактор немесе басқа да ауылшаруашылық техникасын жүргізуге жарамайтынын көпшілік біле бермейді.
Трактор құрылыс техникасына жатады және көлік құралы болып саналмайды.
Сондықтан жүргізушіде міндетті түрде тракторшы-машинист куәлігі болуы керек. Жүргізуші арнайы курстардан өтіп, қорытынды емтихан тапсырады.
Қызметті «электронды лицензиялау» порталы (www.elicense.kz) арқылы онлайн режимінде немесе мемлекеттік органда алуға болады.
Ол үшін «электрондық лицензиялау» порталында тіркелу қажет. Құжаттар пакетін қарап шығып, қажетті қызмет түрін таңдағаннан кейін қызметке онлайн тапсырыс беріңіз. Қызметке ЭЦҚ арқылы қол қойылады.
Жауап 2 жұмыс күні ішінде жеке кабинетіңіздегі «Менің рұқсат құжаттарым» бөліміне түседі.
Қызмет құны — 0,5 АЕК.