Кеше Кәсіподақтар үйінде Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Атырау облысы филиалының ұйымдастыруымен өткен шарада филиал төрағасы Жұмазия Есімова жұмысшы-қызметкерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға зор үлес қосып жүрген кәсіподақ қозғалысының ардагерлері мен белсенді мүшелерін Қазақстан Кәсіподақтары күні мерекесімен құттықтады.
Шара барысында мал, егін және балық шаруашылығы саласының бір топ озаттарына Қазақстан Кәсіподақта федерациясы Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Елеулі еңбегі үшін» медалін табыс етті. Марапатталғандардың қатарында облыстық ветеринариялық зертхана басшысы Айжан Даулетьярова, облыстық аумақтық инспекция басшысы Арман Құмарғалиев, осы инспекцияның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбила Қазиева, кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы ҒалилолаТұрағалиев, Атырау бекіре балық өсіру зауытының басшысы Рашиден Калидуллин,Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Рүстембек Қорқытов, Махамбет аудандық орман шаруашылығы мекемесінің басшысы Өркен Қапанов болды.
Салтанатты шарада Атырау қалалық, Жылыой, Құрманғазы, Қызылқоға, Исатай және Махамбет аудандарының ветеринариялық стансаларының басшылары Сатыбалды Оразғалиев, Нұрболат Өрбісінов, Асланбек Бралиев, Жәнібек Кенжин, Исләмғали Жұбанұлы, Исатай және Құрманғазы аудандық ветеринариялық стансасы бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері Қалима Сарсенғалиева мен Ғарифолла Жұмашевтың өңіріне «Елеулі еңбегі үшін» медалі тағылды. Награда иелері өздеріне көрсетілген зор құрметке шынайы ризашылықтарын білдіріп, салалық кәсіподақ жұмысын әрі қарай дамытып, жетілдіруге өз үлестерін қосатындықтарына сендірді.
Бақытжан Жұмат