⠀
2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда «оралман» термині ресми түрде «қандас» деп ауыстырылды. Бұл мәртебені ХҚО арқылы да алуға болады. ⠀
⠀
Ол үшін сізде келесі құжаттар болуы керек:⠀
- толтырылған өтініш (үлгісін Egov-тан жүктеуге болады)⠀
- еркін түрде жазылған өмірбаян⠀
- сіздің және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың қазақ немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмелері ⠀
- жергілікті атқарушы органның мәртебе беруге келісімі⠀
- Отбасы мүшелерінің әрқайсысының 3х4 көлеміндегі екі фотосуреті ⠀
⠀
Егер барлық құжат дұрыс болса, мәртебе 5 жұмыс күні ішінде беріледі. Мәртебенің жарамдылық мерзімі бір жылды құрайды, содан кейін оны ұзартуға немесе ҚР азаматтығын алуға құжаттар тапсыруға болады. Толық ақпарат алу үшін 1414 call-орталығына хабарласуға болады.⠀
⠀
Қандастар – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін шетелдегі тұрақты жерінен елімізге оралған этникалық қазақтар. Қазақстанға келгеннен кейін оларға «Қандас» мәртебесін алу қажет.⠀
⠀
⠀