Ақтөбе облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ директорының орынбасары Алмас Қалиұлы «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті», «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті», «Ақтөбе техника-технологиялық колледжі», «Ақтөбе гуманитарлық колледжі» мен «Баишев жоғары медициналық колледжі» оқу ғимаратының студенттеріне арналған өзіне-өзі қызмет көрсету орындарының жұмысымен танысты.
Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға оңтайлы, сондай-ақ сапалы түрде қамтамасыз ету үшін іске асырылған болатын. Студенттер компьютерлер арқылы қажетті анықтамалар мен электрондық қызметтерді өз бетінше алуға машықтанып жатыр.
Өзіне-өзі қызмет ету аймағында өтініш берушілер мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің порталы арқылы ХҚО-ға жүгінбей-ақ электронды түрде ала алады. Оқуға өтініш жібергелі жатқан азаматтардың ЭЦҚ-сы болса, мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш бере алады.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 93,4 пайызы, яғни 645 мемлекеттік қызмет электрондық үкімет порталында қолжетімді.