Бүгінде кәсібін ашып, бизнестің көшіне ілесе алмағандар жеке ісін жабуға мәжбүр. Бірақ әр талпыныс жаңа белестерге апарар жол екенін ұмытпаңыз. Бұл ретте біз сізге ресми тіркелген Жеке кәсіпкерлікті жабу тәртібі туралы ақпаратты ұсынбақпыз.
ЖК-ны тіркеу есебінен шығаруды салық органы жүргізеді. Егер сіз ЖК-ны жабамын деп шешсеңіз, ешқандай қарыздарыңыздың жоқтығына көз жеткізіп, төменде көрсетілген құжаттар тізімімен тіркеу орны бойынша салық органына жүгініңіз:
⁃ қызметті тоқтату туралы салық органына өтініш
⁃ жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
⁃ таратылу жөніндегі салық есептілігі
⁃ бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы өтініш (бар болса)
Барлық құжаттарды тапсырып, берешектерді өтегеннен кейін 10-15 жұмыс күні ішінде сізге ЖК қызметінің тоқтатылғаны туралы хабарлама келеді.