Тамыз — ата-аналар үшін қарбалас уақыт. Балаларды мектепке немесе балабақшаға орналастыратын кезең.⠀
⠀
Баланы балабақша кезегіне қою қазір өте оңай — құжаттарды бірнеше платформа арқылы онлайн беруге болады, оның ішінде Egov порталы да бар. Сізге бұл үшін интернетке қосылған гаджет те жеткілікті.⠀
⠀
Мұны Egov.kz порталы арқылы қалай жасауға болатындығы туралы нұсқаулық:⠀
- Порталда авторизациядан өтіңіз, «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» қызметін таңдаңыз⠀
- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өтіңіз ⠀
- Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-пароль арқылы қол қойыңыз(МАБ-та міндетті түрде тіркелу керек) ⠀
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы «бөлімінде) өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысыңыз. ⠀
⠀
Өтінімді толтыру кезінде сіз өзіңіздің (ата-ана немесе баланың заңды өкілі) кім екеніңізді көрсетуіңіз қажет. Бұдан кейін кезек түрін, реттік нөмірін, мектепке дейінгі ұйымға жолдама нөмірін, өз өңірін, ауданын/қаласын, мектепке дейінгі мекеменің түрі мен атауын, оқыту тобы мен тілін көрсете отырып, деректерді толтыру қажет болады.⠀
⠀
Өтінімге баланың денсаулық паспортының және баланың денсаулық жағдайы туралы анықтаманың сканерленген көшірмелерін міндетті түрде тіркеңіз.⠀
⠀
Қызмет алу тегін. Қызмет көрсету мерзімі — 30 минут.⠀
⠀