Балалық шақ – адам өміріндегі ең ғажап уақыт. Ол кімді де болмасын сағынтпай, аңсатпай қоймайды. Балалық тәтті қылықтарың, айналаңның елжіреп, мейірім төгуі, бәрі де санаңда берік орнап, жаныңа жылу ұялатады. Көбіміз осы уақытты бағалай білмейміз, есеюге асығамыз. Үлкен кісілердің түсіне көбіне балалық шақтары кіретінін білесің бе? Балалық шақ қайта оралмайды. Меніңде балалық шағымның дәурені өтіп, үлкен өмірге қадам басар уақытым таяды. Бақытты балалық шақтың кепілі-сүйікті ата-анаң, бірге туып өскен бауырларың, жақсы көретін ата-әжең, жақындарың және жан достарың. Балалық шақ- ең алғаш деген сөзден құралады. Осы уақытта көп нәрсе байқап көргіміз келеді, көкке ұшардай сезім бойымызды билейді. Әр ізденісіміз, әр көрген нәрсеміз, бастан өткізген оқиғаларымыз бізді есейте береді. Бірге өскен достарыммен далаға шығып, ойнап, алысып, киім жыртып алып, құлап, жылап, талай қызықты бастан кешіп өстік. Балалық шақтың қызықтары мектепте де аз емес. Бірге оқитын сыныптастармен талай қызық пен шыжықты бастан кешеміз. Мектепті бітіре бере ғана, қасындағы балаларға қалай бауыр басып қалғанымызды түсінеміз. Жазғы каникул оқушының көптен күткен демалысы. Каникулды асыға күте, ауылды аңсаймын. Ол жақтада талай қызықтарым өтті. Ата-әжеме, туыстарыма және достарыма асығып барамын. Талай қалаларды да ата-анаммен қызықтайтын уақыт – осы жаз. Каникул біте сала үйге келгенде, өз үйің өзіңе сонша ыстық болып көрінеді. Сағыныш сезімі шығар. Қыс мезгілі де тамаша ғой. Сырғанақ тебу, коньки тебу өте ұнайды. Мен балалық шағым бақытты өтті десем қателеспеймін. Ал бақытты баланың жүрегі әрдайым мейірімге толы болады. Әр бала бақытты болуға лайық.
Бала кезіңізде қиялдап көрдіңіз бе? Жоқ десеңіз сенбеймін. Балалық қиялға не жетсін, шіркін! Бала күніңіздегі қаһарманыңыз, небір қиял-ғажайып оқиғалар, құбылыстар, барлығы да балғын шақтың тәтті күндеріне тән. Егер сен жанартауға құлап кетпеу үшін диваннан диванға ешқашан секірмеген болсаң, онда сенде балалық шақ болмаған деген сөз. Сонымен, балалық шақ – бұл… Ұйықтаудың арман емес, міндет саналуы. Мектептен келе сала терезеге қарап, достарынды көріп, даланы аңсауың. Бірақ, сен анаңмен сабақ оқуға тиіссің. Түн ішінде әжетханадан үйге қарата жүгіріп, ешкім жеп қоймады деп қуану! Ойыншықпен бірге ұйқыға жатарда, алдымен, сол ойыншыққа қолайлы болуын қарастыруың. Қағаздан, не жапырақтан ақша жасау. Батпақпен тамақ жасау. Шоколад сенің бетіңде, шалбарыңда, саусақтарыңның арасында, үстелде, пердеде, сосын бірақ асқазанда. Жаңа жылды күтесің, күтесің, күтесің… Он екіден жарты сағат өтер-өтпестен ұйықтап кетуің. Көрпе астына тығылуға болатын кез, және егер демалғаныңды білдірмесең, онда құбыжық таппайды деген сенім. Үйде ананнан немесе бауырларыңнан тығылу. Сен Хәрри Поттер немесе Винкссың, ал сені қарапайым мектепке жіберуі. Теледидардан отбасыңа мультфильмдерді көрсетіп қоюуың. Үйдегі бар тәтті саған тиесілі. Балалық шағың есте қалмаса, демек өміріңнің ең басты сәттерін ұмыттың деген сөз. Сондықтан, балалар өмірлеріңнің ең бақытты шағын, балалық шақтарынды бағалай біліңдер!
Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға жағдай жасап отырған Елбасымызға алғыс айтамыз. Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Қазіргі заманда көріп жүрміз, қатігез ата-аналар, бақытсыз балалар. Ата-аналарының кесірінен көптеген балалар балалықтың бал дәмін тата алмай жүр. Зорлық-зомбылық көрген баланың келешегі не болмақ? Адамдар бала кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз. Ал өткен ғасырлардағы әже-аталарымыз тіпті оқи алмай, балалықтың бал дәмін тата алмады. Әрине, өкінішті. Ал біз он үш жасқа келгенімізбен әлі балалығымызды қимаймыз. Бара-бара, есейген кезде сол балдәурен балалық шағымызды сағынатынымыз белгілі. Кейбіреулер өздерін балалық шақпен ерте қоштасқандай сезінеді. Олар қателеседі. Себебі, олар балалық шақтың құдіретін сезіне алмай жүр. Сондықтан да менің достарыма айтарым, балалық шақтың бал дәмін сезінген бұл кездің ең бақытты шақ екенін ұмытпайық. Әр адам өз өмірінің бақытты болғанын арман етеді. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылады. Ондай адамның жүрегін ризашылық сезімі билеп, жаны рахатқа бөленеді. Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толы болады. Қасыңда жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа кенеледі. Әрбір атқан таң мен батқан күннен бақыт тілеген адам мұратына жетеді. Бәрінен де керемет кез – ол біздің бақытты балалық шағымыз.
«Балалық кезі, әсіресе, ата-анасымен қатынасы туралы жағымды естеліктері бар адамның денсаулығы құрдастарына қарағанда жақсырақ болады. Олар депрессияға және созылмалы ауруларға сирек шалдығады.», — деп хабарлады Америкалық психология қауымдастығы.
Зерттеу жетекшісі Уильям Дж. Чопиктің айтуынша, балалық кез туралы жақсы естеліктердің денсаулыққа және психикалық жағдайға пайдасы бұрыннан дәлелденіп қойған. Балалық шағында бәрі жақсы болған ересектер үйлесімді жеке өмірін құра алады, олар жоғары еңбек өнімділігімен ерекшеленеді, психологиялық белсенді өнімдерді қолданбайды және депрессияға жиі ұшырамайды.
Уильям Чопик Мичиган университетінің докторы Робин Эдельштейнмен бірге жасы ұлғайған адамдар арасында осыған ұқсас зерттеу жүргізіп, балалық шақтың жағымды естеліктерінің пайдасына тағы да көз жеткізген.
Зерттеушілер 22 000 қатысушысы бар екі топқа анализ жасаған. 1-топта 40 жастағы адамдар болса, 2-топта 50 жастан асқан адамдар болды. Зерттеушілер бұл топтағы адамдарды 18 жыл бойы бақылайды. Қатысушының ата-анаға жақындығы, жалпы денсаулық жағдайы және депрессия белгісінің бар-жоғына байланысты сауалнама жүріп тұратын. Зерттеу барысында бала кезінде анасына жақынырақ болған екі топтың да қатысушылары өздерін (денсаулығы жағынан) жақсы сезінген және оларда депрессия белгілері аз болған. Әкесінің қамқорлығы туралы еске алғандарда да депрессияның белгілері аз болған. Алайда, анасының ерке баласы, сүйіктісі болғандардың психологиялық денсаулығы ұлғайған жасында да жақсы болып қалған.
Ата-ана мен бала арасындағы жақын байланыстың оң әсері сөзсіз, дәлелденген. Қамқорлық пен түсіністік, баламен жақсы қатынас – сіздің ата-ана ретінде балаға бере алатын ең жақсы сыйлығыңыз.
Сержан Ізберген