⠀
Егер сіз үй иесі болсаңыз, тіркелген азаматты тұрақты немесе уақытша тіркеуден шығаруға мүмкіндігіңіз бар. Мұны екі жолмен жасауға болады:⠀
⠀
eGov.kz порталы арқылы:⠀
- eGov.kz порталына кіріңіз;⠀
- Іздеу жүйесі арқылы «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» қызметін табыңыз;⠀
- Қызметті онлайн сұраңыз;⠀
- Мекенжай деректерін растаңыз;⠀
- Тіркеуден шығарғыңыз келетін адамды тіркелгендер тізімінен таңдаңыз;⠀
- ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қойыңыз;⠀
- Қызмет нәтижелері порталдың жеке кабинетінде көрсетілетін болады.⠀
⠀
Егер тұрғын үйдің ортақ иелері болса, олар сіздің жеке кабинетіңіздегі әрекеттеріңізді растау керек;⠀
⠀
ХҚО арқылы:⠀ - ХҚО-ға онлайн кезекке тапсырыс беріңіз және белгіленген уақыттан 20 минут бұрын келіңіз;⠀
- Операторға жазылып берілетін адамның ЖСН көрсетіп, қызметке өтініш жазыңыз;⠀
- Бес минуттан кейін адам тіркеуден шығарылады.⠀
⠀
Қызметті ХҚО арқылы рәсімдеген кезде, сіз тіркеуден шығарылатын адамның ЖСН білуіңіз қажет — оны eGov.kz порталындағы жеке кабинеттен көруге болады.⠀
⠀
⠀