Ернағыз Жанатқан 2001ж 29 қараша да дүниеге келген.

Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика және филология факультетінің 2 курс студенті.

Мен үйлендім,

Үйлендім жырға сұлу.

Керемет ә?!

Мөп—мөлдір мұңға сіңу.

Маужыраған даланың құшағында

Ғажайып қой, онымен ымдасуым.

Ымдасуым, содан соң қырға шығу…

Ол бар да, нұр да сұлу,

Мұң да сұлу.

Маған ғана сыйлайды күлкілерін,

Маған ғана береді, күллі ашуын.

Осы менің тоқалым, бәйбішем де,

Өзің қорған боларсың, байғұс ерге.

Шіркін, сенде мұңлықтың сыңарысың

Әйтпесе, бокалмен түйістіріп қайғы ішерме ең?!

Ағайын ем, естіңмен, есеріңмен,

Сүю жайлы,кеш білген, кеше білгем.

Жақұтымды құрайын, неше жырмен?

Бақытымды сұрайын, неше гүлден?

… уай,құр елес!

Мен емес ем, жаның да,кеше жүрген

Үйлендіріп қойғалы мені қашан

Келін ал деп айтпа енді, Шеше мүлдем!

Самиян самалға еріп, сергелдең мұң

Маңдайымнан соғады,солқ еткізіп.

Содан соң  сенделемін,

Сенделемін.

Күйімді ұғып көрсеңші сенде менің…

Мына ессіз түн, білген жоқ күні кеше

Тық—тық басып,тық басып сен келерін.

Келген жанның білмей дал, ел дерегін.

Содан болар,

Қуанып қарсы алған жоқ ешкім сені,

Қуанып қарсы алған жоқ, жеңгелерім.

Сен келіп кет, содан соң іңір келер

Жарасындай сенімнің іріңдеген

Оған қиын,

Жүрегімнің ең ауыр жүгін берем.

Жалбарынғым келеді жесір айға

Жолменен жүргіз деймін сүрінбеген.

Бар ойымды, содан соң айға ұшырам

Жұлдыздар хат күтеді бүгін менен.

…таңбозында құлаймыз жер бетіне

Өзім тағы жұлдыздан бұрын келем.

Пәруана болдым,

Жарқанатқа ұқсап,жарға да қондым.

Ұртының уын ішіне жұтқан

Ұяты кеткен арға да көндім.

Бұрылыстармен шын ұрыстар да

Жоғалып кетсем, таңданар ма едің?!

Жантая кетіп, жауыр үмітке

Жүз адам сосын жол қарар ма еді?

Жадырап жүзі, қуанар ма екен?

Ағызып келсе жылғалар мені,

Жоқ әлде, жұртым жонынан терлеп

Жаһанға сыймай, жынданар ма еді?

Жалғанмен жатып алыса берсем

Нем қалар еді?

Немді алар еді?

Нәркес ғұмырдың нәруызынан

Сенде дәмелі,

Менде дәмелі.

Іңір іліне, із кескен сайтандар көші

Өй мынау кім ей?!

Мынау кім?! Жойпаң денесі

Әй осы тұс неге шу? Айқай неге осы?

Басу айтып қалайын деген түрің бе?

Базынамды тағдырға айтам дегесін

Өмір екен ғой, ақыры жалға берілген.

Өсімсіз шығар?..

Жарайды, қайтар демеші,

Шәрбат жүзіңнен, шайлығып шырайың кетсе,

Жарасар ма екен? Содан соң мұңаю кешке

Отырғам жоқ орнымнан тұрайын деп те.

(немесе, сылқ түсіп сұлайын деп те).

Сығалайсың ғой?!

Сырымды ұғайын деп пе ең?

Сойылыңменен төбемнен ұрайын деп пе ең?!

Жә, менікі сол алу ғой Құдайымды еске,

Құдайымды еске.

Уай, қандай қорқынышты

«У» ға айналса, тұп—тұнық толқын ішкі.

Уылжыған арудың құшағында

Білесің ғой, жігіттің серті күшті.

Артады содан кейін

Желп—желп еткен, жаныңның желпінсі.

Сүйкімсіздеу, сергелдең серпілісің

Сенің сорлы күнәңді жасыра алмас.

Елтіріден тігілген  жемпір іші

Бойжеткенді аядым жәутеңдеген,

Ақыл айтқан белгісіз кемпір үшін.

Арсалаңдап жүгірдім қарсы алдыңа

Арашалап қалғым кеп ар сотынан.

Ал сен, түксиесің,

Молладайын дұғаңды қарсы оқыған,

Ал мен сезе алам ғой

Өмірдің кермек дәмін,

Тұмсығыммен баяғы,бал шоқыған

Ғазалымның ғажабын сезініңдер

Әй, арулар қалыңдар

Қалшы осында…

Әлі есімде,

Сенің де есің де бар.

Мүмкін жоқ есің де.

Хақым болмай, биікпен теңесуге,

Өзімнің биігімнен аласарып

Сенімен тең өсуге

Құлқымды жерлегенмін.

Көрмей қап биіктігін Алатаудың.

Нағыз биік ол емес,

Сен дегенмін

Содан соң

Белгісіз силығымды қолыма алып.

Вокзалға асыққаным, жүгіргенім

Қайда асықтым?!

Қысылып құлын демім

Құлагердей мәреге бөлек келген

Тер сорғалап, жеткенше «жел өкпемнен»…

Өкінішті, бір толқында соқпайды жүрегіміз,

Себебі , бөлек кеудем.

Тағдыр қайтып қоспайды басымызды,

Мүсәпірсіп өмірді өбектеумен

Жолайрықта, соғады бөлек кеуде.

Алматы.Қар

Кеше, Алматыға

Ақшамда қар жауды ғой.

Үмітке үдірейіп таңданды үрей

Көңілдің перделерін түріп тастап,

Тереземнен құлады таңнан бір ой.

Уа, ақ ұлпа!

Сендер жақта білмеймін қандай екен,

Біздің жақта адамдар аңғал, дүлей…

Содан, жанымның бүршіктерін дірдектетіп,

Жапырақтың жүзінен құрмет кетіп,

Аспаннан ақ сәлделі періштелер

Келеді қырбақ—қырбақ дүрмекті ертіп.

Білесің ғой,

Тоңдыруға аяздың күй құштар,

Бой көрсетпес аспаннан, жиі құстар,

Өңмен қаққан,өңім де күйініш бар,

Менің жаурағаным да шаруасы жоқ

Алматы да

Өз бетінше жылайды қиылыстар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *