Атырау облысында «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің екі күнінде полиция қызметкерлері 143 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 103 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шақырылған шетелдіктер болудың белгіленген қағидаларын бұзғаны үшін шетелдіктерді қабылдаған 34 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланатын 6 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
4 шетел азаматына қатысты сот шығарып жіберу туралы шешім қабылдады, сондай-ақ 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағынан өз еркімен шығу туралы сот шешімін орындамаған Өзбекстан Республикасының 16 азаматына қатысты мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілді.
Іс-шараны өткізу кезеңінде 297 шетелдіктің құқықтық мәртебесі реттелді.