Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктердің (өкілдіктерді) есептік тіркеуі (қайта тіркеу) туралы баяндамақпыз.
🔑Еgov.kz арқылы:
📌Порталдың «Бизнесті тіркеу және оны дамыту» бөлімшесінен қажетті қызметті тауып, онлайн сұратыңыз;
📌Бірінші қадамда ұйым жайлы деректерді толтырып, компанияңыздың толық және қысқа атауын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазыңыз;
📌Ұйымның құқықтық формалары мен құрылтайшылары жайлы ақпараттарды да толық толтырыңыз;
📌Заңды мекенжайын, байланыстарын және экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын, жұмыспен қамтылған адамдардың санын көрсетіңіз.
📌Егер банк шотын онлайн ашқыңыз келсе, оны үшінші қадамда банк талап еткен құжаттарды тіркей отырып рәсімдеңсіз.
📌Келесі қадамда сақтандыру шартын онлайн жасауға болады.
📌Өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.
☝️Егер банк шоты мен сақтандыру шартын өз бетіңізше жасауды жоспарласаңыз, 1-қадамнан соң, бет соңындағы тиісті тармақты белгілемеңіз.
❗️Егер компания басшысы басқа адам болса, оның ЖСН нөмірі порталда көрсетілген соң, ол 1 сағат ішінде әрекетті растауы қажет.
⏰Қызмет уақыты — 1 сағ. (Қайта тіркеу- 1 жұмыс күні). Нәтижесін жеке кабинетіңізден аласыз.
🔑Тіркеуді ХҚО арқылы жүзеге асыру үшін Сізге келесі құжаттар тізімі қажет:
📎 жеке куәлік;
📎 заңды тұлғаны тіркеу туралы өтініш;
💰Қызмет құны
✔️ Ірі бизнес субъектілері үшін — 18382 тг;
✔️Шағын және орта бизнес субъектілері үшін тіркеу – тегін.
📌ЖШС-нің атауы, құрылтайшылар құрамы өзгерген жағдайда және жарғылық капитал сомасы төмендеген жағдайда ХҚО арқылы құжаттарды қайта тіркеу қажет. Ол үшін келесі құжаттар тапсырылады:
📎 өтініш (ХҚО-да беріледі)
📎 өзгеріс бойынша қаулы
📎мерзімі 1 айдан аспаған БАҚ баспа басылымында жарғылық капиталдың өзгеруі туралы жарияланым (жарғылық капитал сомасы төмендеген жағдайда)
📎 келісімшарт түпнұсқасы (құрылтайшылар өзгерген жағдайда)
💰Қызмет құны
✔️Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 5656 тг;
✔️Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 18382 тг.
⏰Қызмет нәтижесі 1 жұмыс күні ішінде дайын болады.