84 жастағы танымал ақын және қоғам, саясат қайраткері Олжас Сүлейменов коронавирус инфекциясына шалдығып, ауруханаға түсті.
Оның әйелі де ауру жұқтырған.
Олжас Сүлейменов әйелімен Алматыда 70 резъездегі коронавируспен ауыратын науқастар үшін қайта жасақталған ауруханаға жатқызылғаны туралы әлеуметтік желідегі хабарланған.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бұл ақпаратты растап отыр. Олар Олжас Омарұлы мен Маргарита Владимировнаның жағдайы қанағаттанарлық деңгейде екенін, оларды жақында ауруханадан шығарғалы жатқанын атап өтті.