Қазіргі уақытта KEGOC жеке құрамы технологиялық ақауларды жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

2021 жылы 10 қаңтарда Мәскеу уақытымен сағат 19: 25-те ауа-райының күрт бұзылуы, мұз қатып, көктайғақтың орын алуы, қар аралас жаңбыр жаууы сипатында ауа-райының айтарлықтай нашарлауына байланысты 220 кВ Индер-Атырау жоғары вольтты электр желісі ажырап, Атырау және Маңғыстау облыстары бөлігі оқшауланған жұмыс режиміне көшкен. Бұл кезде Қарабатан ГТЭС-інде жалпы қуаты 100 МВт екі генератор істен шығып, ол Атырау және Маңғыстау облыстарындағы ток жиілігінің күрт төмендеуіне әкеліп соқты. Бұл жайт, өз кезегінде, жиіліктің төмендеуін болдырмас үшін автоматты құрылғыларды іске қосты (тұтынушылар 95 МВт мөлшерінде ажыратылған кезде, оның 70 МВт-ы Атырау облысында, 25-і Маңғыстау облысында), деп хабарлады KEGOC.

Автоматты режимнің арқасында екі аймақта жарықтың толық жойылу қаупінің алды алынды.

Сағат 23: 22-де Қарабатан ГТЭС-інде бір генератор іске қосылды және станция өзінің генерациясын 50 МВт-қа арттырды. Сағат 22: 59-да ЖЭО-3 МАЭК-те 200 МВт қондырғыны қосу туралы бұйрық түсті.

Қазіргі уақытта KEGOC жеке құрамы технологиялық ақауларды жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Технологиялық ақауларды жою және оның ары қарайғы зиянын болдырмау үшін жасалатын жұмыстар кезекші персоналдың өміріне қауіп төндіреді. Жоғары вольтты жабдықтардың жұмысы бетін мұз басу немесе қар түсуі, ылғалдылықтың күшеюі кезінде бұзылады. Осыған байланысты «KEGOC» АҚ қызметкерлеріне зақым келтіру қаупін азайту үшін қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданды, деп түсіндірді компания.

Автор: zakon.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *