Ағымдағы жылдың басынан бастап Атырау облысы Полиция департаменті қызметкерлері облыстық дін істері басқармасымен бірге әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында 98 діни саладағы әкімшілік құқықбұзушылық анықтады. Атап айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, таратудың заңсыз фактілері бойынша– 56, діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзған — 42 құқықбұзышылық тіркелген.Анықталған факті бойынша құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453 және 490 баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған іс-құжат Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданып, оларға қатысты соттың шешімімен барлығы 3 263 983 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.